ҚАРАШЕВ  ҒҰМАР

ҚАРАШЕВ  ҒҰМАР  (1876-1921) –қазақтың рухани мұрасының дамуы- на елеулі үлес қосқан, педагогика, психология ғылымдары саласында сындарлы ой-пікір айтқан ғұлама тә- лімгер ақын, кезінде ишан, ақын, қа- зы атанғанымен, өмірінің соңғы жыл- дарында ол ағартушылық жолға түсе- ді. Оның демократиялық көзқарасы- ның  қалыптасуына  1905-1907 жыл-дардағы бірінші орыс буржуазиялық төңкерісінің, сондай-ақ орыс, қазақ ағартушы-демократтарының идеяла- ры елеулі әсер етеді.

1910-1918  жылдары Ғ.Қарашевтың

«Ойға  келген  пікірлерім», «Өрнек»,

«Қарлығаш», «Тұмыш», «Балатұлпар»,

«Аға тұлпар», «Көксілдер», «Шайыр»,

«Бөдел қажы», «Тұрымтай», т.б. кі- таптары, өлең-жырлары Орынбор, Уфа, Қазан қалаларында татар, қазақ тілдерінде басылып шықты.

Ғ.Қарашев тіл үйрену, білім алу мә- селелеріне ерекше маңыз береді. Бұл жайында ақын пікірлерін қысқа да нұсқа афоризм түрінде келтіріп оты- рады. Олар: Тіл – көңілдің ашқышы, Көңіл – жарық, жан – қиял, Бі- лім – бақтық, Қараңғыда жол қия, т.б. 1919 жылы Орда қаласында «Мұға- лім» журналы шыға бастағаны белгі- лі. Оны шығарушылардың бірі және әдеби  редакторы  Ғ.Қарашев болды.

«Мұғалімнің» бірнеше нөмірінде  оның

«Педагогика» атты еңбегі басылды. Ол тәлім-тәрбие мәселесін өз ұғымын- ша қалай болса солай жаза салмай- ды. Ескі заманда педагогикалық пі- кірлер айтқан түрлі ойшылдарға (Арис- тотелъ, Сократ т.б.) назар аударып, олардың еңбектерін екшеп, талдап жи- нақтайды. Оның педагогикалық қи- сындары Сократтан гөрі Аристотель- ге көбірек жанасады дейтін пікірі талас тудырмайды.

Ол адамның мінез-құлқын қалып- тастыруда еңбектің маңызына ерек- ше мән береді, кімде-кім өзінің міне- зі және істейтін жұмысы туралы ыл- ғи да ойланбай тұра алмайды, адам іс-әрекет үстінде өсіп-жетіледі, мінез- құлықты дұрыс қалыптастыру үшін жалаң ой мен жел сөзден аулақ бо- лып, бала тәрбиелеу ісіне ерекше кө- ңіл аудара қарап, ақтара тексеріп оты- ру қажет, «ата-ана бала мінезін жақ- сы жолға салуда, кей нәрсенің себе- бін түсіндіріп, ерте бастан мынау жақ- сы, мынаны істеуге болмайды деп үйретуі тиіс» дейді. Баланың ақылы бірте-бірте өспекші, міне осы мезгіл- де оған жолбасшылық ету тәрбиенің басты бір шарты. Үйретудің, жол көрсетудің қай орында тұрғандығы осыдан көрінсе керек.

Балаға ұрсу, жекіру жолымен үгіттеу- дің пайда бермейтіндігін айта келіп:

«Бала өзіне жаза күтіп тұрған кезін- де, иә болмаса жаза тартып болысы- мен үгіттеуден сақтану керек. Мұн- дай кезде берілген үгіттің тудыра- тын әсері жақсы сөзден жиренуден басқа ештеңе емес!» – деп мәселенің психологиялық астарына үңіледі.

Ғ.Қарашев жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде мұғалім негізгі тұлға екенін әр кез естен шығармайды. Ол мұғалім- ге қойылатын талап-тілекке оқыту, үйрету, тәрбиелеу ісіне жеңіл-желпі қарамай, оған аса жауаптылық пен тиянақтылық керек екенін ескертеді.

«Жансыз түсіндіру, – дейді ол, – тың- дауға тартымсыз және де естуге ауыр болудың үстіне тез ұмытылатын бо- лады.    Мұғалім болған адамның шә-

кірттері риза боларлықтай мінезі, олар- ды толық қанағаттандырарлықтай білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ ұстаздан шәкірт тәлім көре алмайды. Мұны мықтап есте ұстау керек. Шә- кірт өзі жан-тәнімен сүйген мұға- лімінен ғана тиянақты білім ала ала- ды», – деп өз ойын тұжырымдайды. Ғ.Қарашев баланың үйдегі тәлім-тәрбиесіне де ерекше мән береді. Тәлім- тәрбие ісі әулеттің ортақ мүддесі екен- дігін айтады. Сондай-ақ, іскерлігі мол адамдардың да өнеге үлгісінің үлкен маңызы бар. «Бір адам өзінің жағымсыз мінез-құлықтарын түзе- тетін болса, – дейді ол, – мұның әсері тіпті семьясынан да асып, туысқан ұр- пақтарына, онан да кеңейіп отандас- тарына да жұғады».

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *