ҚАРАПАЙЫМ ЭМОЦИЯЛАР –адамның көбінесе органикалық қа- жеттерінің орындалуына байланыс- ты туындайды. Мысалы, күрделі түр- леріне: көңіл, аффект, құмарлық эмо- циялары кіреді. Айтылған эмоция- лардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік – оларда сан алуан мәнер- лі қозғалыстардың болып отыратын- дығы. Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-баба- ларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу керне- ген адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп ке- теді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осын- дай мәнерлі қозғалыстардың әрқай- сысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жа- уымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейін деп тұрған адамның келбе- тін, даярлық белгісін байқауға бола- ды. Ертедегі адамдар жабайы аңдар- мен арпалысқа түсердің алдында де- несін соған бейімдеп алып, сонан ке- йін айқасатын болған.
Қазіргі адамдар үшін мұндай көрініс- тер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып танылады. Мұндай ебдейсіз қимыл- дар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. Бұған көбі- несе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын тұрады.