ҚАЙТА ТӘРБИЕЛЕУ – баланың қоғам нормалары мен талаптарына қайшы келетін кейбір теріс пиғыл- дарды және жат қылықтарын түзе- туге бағытталған педагогикалық ық- пал ету жүйесі; жалпы тәрбие про- цесінің бір бөлігі. Қ.т. тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекеті ре- тінде ұйымдастырылады. Қайта тәр- биелеудің негізгі мақсаты – деке адамды жөнге салу. Қ.т. – күрделі де ұзақ процесс. Тәрбие процесінің ба- рысында түрлі себептермен кейде педагогикалық мақсат толығымен орындалмайды (ортаның теріс ықпа- лы, ата-ананың, педагогтардың қате- лігі, тәрбие жұмысының нашарлы- ғы). Осыған байланысты жас өспі- рімдердің тәртібінде кейде нормадан ауытқулар байқалады. Дегенмен, ол ауытқу дағдыға айналып, қалыптас- паған. Мұндай жағдайда ол ауытқу- ларды жалпы тәрбие жұмысының барысында тиісті ықпал ету тәсілде- рі арқылы түзетуге болады.
Ал, уақытында қолға алынбаса, ол ауытқулар тұрақты дағдыға айналуы мүмкін. Бұл жағдайда Қ.т. үшін дербес міндет қойып, ерекше шара- лар қолдану қажет. Қайта тәрбиелеу- дің бірінші талабы – балаға теріс ықпал етуші жағдайды өзгерту. Ол үшін отбасындағы жағдайды өзгер- ту немесе баланы үй жағдайынан мүлдем аулақтату қажет. Кейде оқушыны басқа сыныпқа не мектепке ауыстыруға тура келеді. Жағдайды өзгертумен бірге қайта тәрбиеленуші- нің сезімін оятып, жалпы тәртібіне әсер ететіндей жұмыстар жүргізіледі. Педагог-тәрбиеші баланың құпия жатқан сырын ашып, оның көмескі қызықтайтыны не нәрсе екенін анық- тайды. Оқшау мінез, дағдылардың қалай, неліктен пайда болғандығына көз жеткізеді. Қайта тәрбиелдеуде сендіру тәсілі, ұжымның үзілді-ке- сілді талабы және т.б. маңызды рөл атқарады. Осылай ықпал етудің нә- тижесінде пайда болған ішкі өзгеріс қайта тәрбиелеудің бастамасы бо- лып табылады. Кейінгі өзгерістер пе- дагогтардың, ұжымның қайта тәр- биелеушіні қалай дұрыс бағытқа са- лып еліктіріп әкетуіне байланысты. Тәрбиенің нашарлығынан, ортаның кері ықпалынан теріс жолға түскен адам тәртібі кейде қоғам мүддесіне қарсы сипат алады. Мұндай жағдай- да ықтиярсыз Қ.т. жұмысы жүргізі- ліп, арнаулы мекемелерде педагоги- калық ықпал етудің арнайы шара- лары қолданылып, ерекше педаго- гикалық режим жасалады.