ҚАЗАҚТЫҢ  ӨЗГЕШЕ МІНЕЗДЕРІ

ҚАЗАҚТЫҢ  ӨЗГЕШЕ МІНЕЗДЕРІ. «Қазақтың өзгеше мінездері» атты еңбекте Ж. Аймауытов және М. Әуезов қазақ халқына нақты мінезде- ме берген. Бірнеше жерде қайтала- нып айтылатын ұлттық психология- ның табиғи, әлеуметтік факторлар- дың әсерінен қалыптасатыны туралы тұжырымдары  қазіргі этнопсихологтар тұжырымдарына негізінде сәй- кес келеді. Кейбір этнографтар ұлт- тық психологияны этностың этника- лық белгісіне жатқызудың қажеті жоқ дегенмен, қазіргі этнография ғы- лымында этнопсихологияға ұлттық белгі ретінде маңызды орын беріле- ді. Этнопсихология, ұлттық мінез және этнос тақырыптарындағы пі- кірталастар негізгі этнографиялық және этнопсихологиялық еңбектерде жиі кездесетіндіктен этнограф ға- лымдардың ұлттық психология ұғы- мына нелерді кіргізетініне қысқаша тоқталайық. Әр түрлі ғылымдарда төмендегі белгілер ұлттық психоло- гияның элементтері ретінде жиірек көрсетіледі: ұлттық сезім, әдет-ғұ- рып, дағды, көңіл күй, темперамент, ұлттық игілік, ұлттық символика, талғам, ерік, т.б. аталады.

Жалпы ойшыл адамға, отаншыл ағартушыға тән нәрсе – халқының жақсы қасиеттерін өткен заманнан, ертеректегі уақыттан іздеу. Осындай ерекшеліктер Ж. Аймауытов пен М. Әуезовтің жас кезіндегі этнопси- хологиялық сипаты бар көптеген ма- қалаларынан кездестіреміз. «Қазақтың өзгеше мінездерінде: «Бұрынғы уа- қытта қазақ елі ұйымшыл, ері жауын- гер, биі әділ, намысқой, адамы әрі бітімді, қайратты, сауықшыл болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра, қуана да білетін халық екен», – деп, әрі қарай бұл ірі қасиеттердің қалыптасу се- бебіне де тоқталып өткен. Қазақ халқының өткен дәуірдегі (Ресейге бодан болғанға дейінгі) ұлттық бей- несіне басқа мақалаларында да жо- ғары бағалап, сүйкімді, ірі мінездерін атап көрсеткен жазушы өз кезін- дегі туған халқына келгенде мүлде басқаша бағытқа түседі.

Халыққа кері әсер етуші сырт күш ретінде отарлаушы ел Ресейдің әкім- шілік билеу жүйесін айыптайды. Автор «Қазақтың ұлттық қалпы өзгерді. Тірлігі, мақсаты басқа, ниеті шалғай, суық бауыр жаттың қолына тиді. «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» деген халге ұшыра- ды. Кемеңгер билердің заманы құ- рып, адамды мал мен пұлға сатып алатын заманға килікті», – деп, Ре- сей отарлап алғаннан кейін бағы- нышты, «тыныш» күйдегі қазақ хал- қының бірнеше ғасырлық еркін, жа- уынгерлік сипаттағы өмірден қалып- тасқан ірі мінездерден айырыла бас- тауының себептерін талдаған. Әсі- ресе, отарлаушы ел орнатқан әкім (болыс, аға сұлтан) сайлау жүйесі- нің, «партияның» халықты аздырып бара жатқанына өкінеді. Өткен кезең- дегі қазақтың ірі мінездерінің орны- на енді «ұрлық, зорлық, қорлық, өті- рік, өсек, алдау, қулық, сұмдық, ай- дату, байлату, кісі өлу – рақымсыз- дық, жалған мақтан, ынсапсыздық, тұрақсыздық, жалқаулық» сияқты қасиеттердің үдеп, өсіп бара жатқа- нын, бұрынғы батырлардың ауыл- үйдің арасындағы ұрлыққа былға- нып жүргенін, бұрынғы бидің ұсақ- танып сатыла бастағанын халықтың әлеуметтік өзгерістерге берген «жа- уабы» ретінде көрсетеді.

«Қазақ ішіндегі партия неден?» атты мақаласында бұл ойларын әрі қа- рай нақтылай, дамыта түседі. «Қазақ халқы қысымсыз, еркін өскен таби- ғатына лайық өскен жауынгер мінез- ді келіп, билеу тәртібінде қысым қаруы көп орыс қолына тиді… Халық- тың бетіндегі бұрынғы келе жатқан жауынгерлік мінез қаққы көріп, өмір жолынан шығып қалды», – деп, ха- лықты аздырушы күштің атын тіке- лей атап, «ездікке мінген кең, салақ, сөзуар» мінездің шығу төркінін анық- тай түскен. Мұнымен қатар, қазақ, халқының өміріне ене бастаған тұр- мыстағы жаңалықтар, отырықшы тұрмыстың белгілеріне сын көзбен қарап, қысы-жазы ауасы таза киіз үйде ыстық-суыққа шынығып өскен қазақтардың қыста жер үйлерге кі- ріп, ылас, сыз ауадан аурулы бола бастағанын, саушылығы аз денеде кеселді мінездің тез орнығатынын байыптайды. Авторлар мұндай ой- ларын халқының болашағын ойла- ғанның ұлтшылдық, ағартушылық мақсаттары тұрғысынан айтып отыр. Жазушының жоғарыда аталған мақалаларының астарында, кей жер- лерінде ғасырлар бойғы еркін көш- пелі өмір, кең дала, тұрмыс сипаты, ішкен асы қалыптастырған қазақ халқының жақсы қасиеттері – кең қол- тық қонақжайлығы, жұмсақтығы, кең пейілі, ұшқыр ойлы дарындылығы да көрсетіліп отырады.

Адамтану саласындағы ғылымдарда (анатомия, физиология, медицина, этнопсихология, т.б.) ішкен асы бе- локқа (ет, сүт тағамдары) бай, бос уақыты мол адамдар тобының ой ұшқырлығы (реактивтік) ерекше бо- латынын дене күші, ептілігі, жыл- дамдығы жоғары деңгейде екенін дәлелдеген. Керісінше, еңбегі ауыр, уақыты аз, ішкен асы негізінде өсім- діктен тұратын халықтардың шы- дамды, табанды келетінін айтады. Осының бір қарапайым мысалы қазақ ұлтынан боксшылар, шығыс жекпе-жектерімен айналысушылар- дың әлемдік деңгейдегі биіктерге көтеріліп, шыдамдылықты талап ете- тін алысқа жүгіру, коньки, шаңғы, т.б. спорт түрлерінде үлкен жетістік- терге жете алмауы.

Ақкөңіл, қонақжай, кеңпейіл мінез- бен қатар, берекесіз, салғырттық, бос сөздік те қатар жүреді. Ел басы- на күн туғанда «ой кеттік, әкесінің… мәнті жейік» деп те жүре береміз. Интернационализм жақсы қасиет болғанмен, қазақтың интернациона- лизмі шектен шығып, кейде жүрекке тиетін жағынуға да айналып ке- теді. Осылардың төркінін Әуезов мақалаларын барлап қарағанда ай- қын көреміз. Ж.Аймауытов пен М.Әуе- зов мақалаларында көтерілген этно- психологиялық мәселелердің тағы бір саласы – қазақ ауылының әлеумет- тік құрылымы.Қазақ ауылындағы не- гізгі мал иесінің функциясы мен ма- лы аз немесе малы жоқтардың функ- циясы анықталып, тіпті қазақ ауы- лын біріктіріп ұстап тұрған генеа- логиялық, әлеуметтік-шаруашылық себептердің сырын ашады. Осы бағыт- та қазақтағы жуан ауыл, нашар ауыл ұғымдарын анықтап, бұл ауылдар- дың қарым-қатынастарындағы әлеу- меттік, құқықтық жағдайлар мен қақ- тығыстардың себептері мен нәтиже- лерін нақты мысалдармен талдайды. Бұл тұрғыда «келімсек» ұғымының мәнін ашқан және жерсіз қазақтар- дың әлеуметтік жай-күйі жайында құнды деректер келтірген. Осы ав- торларды жас кезіндегі мақалалары- ның ішінде ең күпті көңілмен жа- зылғаны 1918 жылы «Абай» журна-лының 12-санында шыққан «Өліп таусылу қаупі» атты мақала. Ресей- дің империялық, отаршылдық саяса- тының кесірі барынша ашылған бұл мақалада отаршылдық саясаттың әсерінен империя көлемінде кейбір ұлттардың ұлт ретінде мүлдем жо- йылып кеткенін, кейбір ұлттардың жойылу алдында тұрғанын көрсет- кен. Мақалада кез келген этнос өзі- нің этникалық ерекшеліктерінен, жетекші шаруашылығының дағдылы үй-жайының ас-суынан салыстыр- малы түрде жылдам ажыраса, жа- ңа жағдайға бейімделу ыңғайы өз- герістер қарқынына ілесе алмаса, фи- зиологиялық, тұрмыстық, рухани індетке ұшырап, құруға айналатыны теориялық тұрғыдан тұжырым- далған.

Мысал ретінде Ресей империясының құрамындағы біраз Сібір халықта- рының ұлт ретінде жоғалып кеткені, самоед, остяк, чукча, камчадап ха- лықтарының жоғалу алдында тұрға- ны алынған. Авторлар «міне, осы аянышты халдің барлық белгілері қазіргі қазақ ішінде білініп келеді», – деп, әрі қарай, қазақ арасында қы- сыммен телінген, еріксіз қабылдан- ған тұрмыстағы өзгерістер себепті ел арасында жұқпалы індеттің етек алып бара жатқанын еске салады.

Белгілі бір географиялық аймақты мекендеп, гендік құрылымы үйрен- шікті климатқа, ауа-райына қалып- танған, ғасырлар бойы мекен еткен баспанасы, микроклиматы, ғасырлар бойы ет пен сүт тағамдарынан жаса- латын ас-суы, іс-әрекеті тарихи тұр- ғыдан алғанда жылдам өзгергенде эт- нос организмі бұған сай жылдамдықпен жаңа қалыпқа ілесе алмай- ды. Тұрғын үйдің микроклиматы өзгеріп, лас, сыз ауаның әсерінен туындайтын ауруларға таза ауада өмір сүрген адамдардың иммунитеті бұ- рыннан қалыптаспағандықтан қарсы тұра алмайды. Қазан төңкерісінен бұрын Ресейге, Мәскеу, Петербургке оқуға, қызметке барған қазақтардың көбі ел ішінде де, барған жерлерінде де материалдық жағдайы жақсы бол- ғандарына қарамастан көбіне өкпе ауруына шалдығып, өліп кеткені белгілі.

Бұл қалыпты өмір сүріп жатқан жер- де басқа елдердің басқыншылығы- нан, отарлау әрекеттерінен, револю- циялық сипаттағы әлеуметтік төңкеріс- терден болған шаруашылық құрылым- дағы шұғыл өзгерістерді этнос бірден қабылдай алмайды. Ж. Аймауытов пен М. Әуезов мақалаларында жиі айтылатын бұл жағдай қазақ этно- сына өте ауыр тиді.

Сан ғасырлардан бері қалыптасқан көшпелі мал шаруашылығының дағ- дылы барысына шұғыл өзгерістер келіп, мал жайылатын өрістердің ор- ны өзгеріп, көшіп-қонудың қалып- тасқан рулық, аталық, ауылдық жүйе- сі бұзылып, зорлықпен атқарыла бастаған отырықшыландыру әрекеті қазақ халқының бүкіл тіршілігін ас- таң-кестең етті. Үйірі, отары бөлек малды жөнсіз шоғырландыру, шаруа жүргізу жүйесінің ойсыз, дәлелсіз орталықтандырылуы қалыптасқан шаруашылық құрылымын бұзып, мал басының күрт азаюына әкелді. Малға жеке игілік ретінде қарап үйренген этнос бірден «ортақ» малға мүдделі қарайтын этносқа айнала алмады, берілген уақыт шегінде айналуы мүм- кін емес еді.

Көшпелі қазақ халқы отырықшы эт- ностаға үйреншікті үй-жайды, қора- қопсыны да қажетті деңгейде сала алмады. Бақташылықпен айналысқан этнос егіншілікті бірден алып кете алмады. Бұл, қазіргіше айтқанда «шо- ковая терапия» болатын. «Қанды терапия» деп айтса да тіпті дәл ке- леді. Бұл «қанды терапия» ақыры 1932 жылдың зұлматына, адамзат та- рихындағы ең қырғын ашаршылық- қа әкелді. Әрине Ф. Голощекинның

«Кіші октябрь» саясаты мақсатты түр- де іске асырған елді азықсыз қалды- ру қылмысы үлкен әңгіме. Ж. Аймауы- тов пен М. Әуезовтың этнопсихоло- гиялық тұжырымдары ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтары үшін де, қазіргі кезең үшін де өте бағалы ой- лар. Қоғамдағы революциялық сипат- та болып жатқан өзгерістерді этнос теориясы, ұлттық психологияны ерекше әсерлермен бағалаған алғаш- қы қазақ зерттеушілері ретінде осы авторларды атауға толық негіз бар.

Сонымен қатар қазақ этносының ұлттық ерекшеліктерін тарихи даму, тарихи өзгерістер аясында терең пайымдап берген. Қазіргі кездегі осы қазақтарға беретін бағаланымды да, жәйттерді де ескерген өте орынды. (мақала «Қазақ әдебиеті» газетінің

№34, 07.08.2009 жылғы санында жарияланған)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *