ҚАЗАҚТАНУ – ҰЛТ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕГІ. Ғасырлар толқынында мың өліп, мың тірілген (Жоңғар шапқыншылығы, патшаның отарлау саясаты, кеңестік кезеңдегі қуғын-сүргін, сұрапыл соғыс, социа- лизм тұсындағы озбырлық, т.б.) хал- қымыз егемендігі мен тәуелсіздігіне ие болған соң ғана өзін-өзі тани бас- тады. Осындай жағдайда қазақтану атты жаңа ғылыми бағыт дүниеге кел- ді. Қазіргі кезде қазақ халқының тари- хы мен мәдениеті өзіндік қайталан- бас ерекшелігімен әлемдік деңгейде танылуда. Ата-бабаларымыз өз тари- хы мен мәдениетін жасады. Бұл бұ- рынғы қазақы ерен тұлғалардың қа- лыптасу, даму және жетілу жолдары. Қазіргі жас ұрпаққа қазақ халқы ту- ралы не айтар едік?
Сіз бен біз қай бағытта түлеудеміз? Бүгінде әркім өзінің қазақтығын әр деңгейде қабылдайды, біреулер жас- қанып, енді біреулер мақтанып дегендей. Осы сұраққа жауапты бей- жай, сондай-ақ сергек сезіммен ай- татындар да баршылық. Енді бізге нық бағыт ұстайтын, өмірде біржақ- ты болатын кез келді. Еліміздің та- биғи байлығы, өлшеусіз молдығы арқылы тану бұдан бұлай жеткілік- сіз. Таяу аралықта Қазақстанның ба- қуатты елге, күшті державаға айна- луына сеніміміз мол. Оған ұлт бірлі- гі, ел тұтастығы, қажырлы еңбегі нәтижелі іс-әрекеттері керек.
Жас өскін, енді сен өзіңнің туған же- ріңде, сол азаматтық кемелетке ену- десің. Сен жаңа ортада нарықтық қоғамда жаңа талап пен сұранысқа лайықты қауымдаса біліп, өсіп-өр- кендеуің қажет. Десек те, азаматтық сатыға, тұлға болуға әркім өзінше көтеріледі. Адами қасиеттерін өзінше дәйектеп, көрсетеді. Ұрпақтың ұла- ғаттылығы мен үлгілері олардың са- бақтастығында. Қазақ жері мен елі- нің иесі болу үшін қазақ болу қажет десек, қателесе қоймаспыз. Кім осы- лайша ойлайды, осы дәстүр-салтты қабылдайды, гәп осында. Бұл жерде алдымен өз елі мен жерін сүйетіндер соған қызмет ететіндер, Отанның ұлы мұрат-мақсаттарын жоғары тұ- татындар бірінші сапта тұратындары хақ. Ердің естілігі, елеулі ортаның берекесі, елдің бірлігі секілді құн- дылықтар мен іс-әрекеттер арқылы осы айтылғандар біртіндеп қалып- тасады да кейіннен өз бағасын алады.
«Отан – елдің анасы, ел – ердің ана- сы» деген қағидаға сүйенеді. Сол ережені орындайтын да, жүзеге асы- ратын да – сіз бен біз. Осынау үрдіс- тің ережесін батыр ағаларың Бауыр- жан Момышұлы: «Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі», – деп түйіндеген. Қазақ бо- лу – өзгеден жіктеліп, бөліну немесе оған қарсы болу емес. Керісінше, өз- гемен, өнері, өнегесі басқа жанмен танысып, тіл табысуына жарасу. Бұл адамзаттың да, төл халқымыздың да үйреткені мен үйретері. Үйренеріміз – Қазақстанның мемлекеттігін, ұлттың дербестігін және тұтастығын, халқы- мыздың имандылығы, әділдігі мен инабаттылығын нығайтуға келіп ті- реледі. Адамның жеке басының жеті- луі, оның күш-қуатының әлеумет- тенуіне жету үшін жеке болмыстың бейнесі мен белсенділігін қалыптас- тыру керек. Үзеңгінің осындай екі жағына табан тіреген адам азамат- тығын арттырады, өмірге сеніммен қарайды, жақсылық пен жақындық- қа жарайды. Қазақ өзін де, өзгені де ойлау адамдықтың белгісі дейді. Адамдықтың сырын ұғар, қырын қабылдар озық ой, тіпті ұлттық дәс- түрді сараптайтын, ұлттық тәрбиені баптайтын білім керек.
Білім саласында озық ойға тоймай- тын, одан ұлттық салт-дәстүріміз өр- кендей берсін. Бұл орайда біреулер дүние жалған, құбылмалы деп, оның тұтастығын ескеруді мақсат тұтады, енді бірі – жеке қыры мен сырын қарастыруды жөн санайды. Тұтастық- тұрақтылық, жеке қырға шығу – жақ- сы қасиет. Жас ұрпақтың ел-жұрты, ұлт намысы туралы түсінігі әрқалай болса да, осы жолдағы ізденіс пен бағытының тұрақты болуы шарт. Әлеуметтік және жеке бастық тұрақ- тылықты бүгінде ұлттық болмыстан, ұлттық тәрбиеден, ұлттық тілден іздестірудеміз. Ол дегеніміз шәкірт атаулының көкірек көзін ашатын адамдық және ұлттық тәрбиені жетілдіріп, бұларды қатар алып жүру. Ұлтымыз үлкенді құрметтеуді, жұрт- пен тіл табыса білуді, адамдықты әл- пештеуді жоғары тұтқан. Қазақ текті- лері адамгершілік пен құндылық- тарды құптап, қолдауға ерекше мән берген. Қысқасы, еліміздегі қазақы ортаның өмірлік өлшемі бірдей болып, оның құндылықтары біртекті көріне бермейді. Қазақ туралы, оның шығу тегі мен әлеуметтік қызметі туралы көзқарастар сан қилы.
Оның үш себебін атадық: Бірінші- ден – қазақы әдет-ғұрпы мен салт- дәстүрінің жаңару қарқыны әрқалай болса; Екіншіден – сіз бен біз қазақ болмысы мен санасын әр сарынды қабылдаймыз; Үшіншіден – қазақ халқы қалыптасуының кезеңдері мен бағыттарын сан-салаға бөліп қарас- тырамыз. Осы үш жағдай бізді үш саққа тартып, үш деңгейде шектейді. Осыдан «мен қазақпын» деп ашық айтсақ, ол құқықтық жағы болады да, ал оның әлеуметтік жағының ай- қындылығы бір-бірімен үйлесе бер- мейді.
Мәселенің мәнді жағы мынада. Ол өзіміз қаншалықты қазақ болуға ты- рысамыз, қазақпын деп сезінеміз, со- ған мүдделі екенімізді қайтіп көрсе- тіп жүрміз. Әркім өзін қазақпын деп анықтамаса, көрсетпесе, онда қазақтың көш бастау рөлі мен ұлт алдындағы жауапкершілігі бәсеңдейтіні белгілі. Сонымен елін сүйетін жас өскін өзін халқымыздың ұлт болып ұйыуы үшін ұлтжандылығын қастерлеуі, өзінің ұлттық мінез-құлықтарын жетілдіре беруі тиіс. Шәкірттің мінез-құлқы отбасынан нәр алады да, мектепте жалғасын тауып, жандана түседі. Бұл жерде тілге тиек етіп отырғанымыз: адам болу, қазақ болу, ұлттық мәде- ниетіміздің тұлғасы болу мәселеле- рі. Басты ойымыз – қазақтыққа өзіміз- ді қалай дайындап жүрміз деген мә- селеге келіп тоқайласады.
Ұлттық құндылықтарды дер кезінде және дұрыс қабылдау үшін дәстүр салтқа негізделген жүйелі білімді иге- ру, олар заманға орай үндес болу қа- жет. Осы тұрғыдан алғанда қазақ мәдениеті мен дүниетанымын, қазақ тарихы мен әдебиетін оқыту деңгейі қандай деген мәселе туындайды. Мектепте қазақ тарихы, қазақ әде- биеті, қазақ тілі сияқты пәндерді оқы- тып жүрміз. Осы пәндер қаншалық- ты жанымыз бен ойымызда қазақы танымды, қазақы болмысты қалып- тастыруға тікелей ықпал етеді? Осы пәндерді ұғыну арқылы жас ұрпақ- та, ұлтымыздың өзіндік дамуының алғашқы сатысы, яғни осы мақсатқа орай түсінушілік пен сезімталдық, мінезділік пен үйлестік, әдептілік сияқты қасиеттер қалыптасып, ай- қындала түседі.
Шәкірттің ұлттық келбеті, белсенді- лігі арта түседі. Осы өлшемдердің маңызын ізденген оқушылар ертерек есейіп, ер азамат болуға тырысады. Қазіргі кезде нұрлы көште бірлесе қолға алатын бір-бірімізге қол ұшын беретін мүмкіндіктер артуда, бұған қажетті жағдай жасалынуда. Сол жаңа мүмкіндік пен жағдайларды қаншалықты дұрыс, ұлттық мүдде үшін пайдаланудамыз? Ендігі өлшем де, сұраныс та осы тұрғыдан өріс алмақ. Оқушыларға қазақ мәдение- тінің құндылығын жеткізудің қан- дай тәсіл-тәжірибелері жинақталынған, олар қалайша сарапталуы керек? Жеке басындағы құндылықтар қай бағыт пен мағынада өзгеруі тиіс? Бұл бағыттағы іс-шараларды ұйым- дастыру жұмыстары үнемі бақылау- да болуы қажет. «Қазақылық» күр- делі, тұтас, көпвекторлы феномен. Бұл жерде жас өскін тәрбиесі үшін ұстаз қауымынан өнегелі тәрбие, зор білімділік пен ұлттық идеяға не- гізделген (ақыл-парасат қажет екен- дігі дау тудырмайды). Қазақтану бағытының білім беру мен орта мек- теп аясында ерекше көңіл бөлетін ғылыми ізденістері:
- Әр сынып оқушысының отба- сындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің жай- жапсары;
- Орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларының ұлттық салт-дәстүр жайлы түсініктері;
- Аралас мектептерде оқитын қазақ балаларының қарым-қатынасында- ғы ұлттық мәселелері;
- Қазір де «мәңгүрт», «шала», «дүбәрә қазақ» атанып жүрген қазақтардың психологиясының дамуына оң, теріс үдерістері;
- Мектеп басшыларының (директор, оның орынбасарлары) шәкірттерді, ұлттық қасиеттерді тәрбиелеудегі жарасымды істері, т.б.