ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТАРИХЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТАРИХЫ. Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшыл- дары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтпаған. Асанқайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтебой- дақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұ- хар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын- жыраулар мен ғұлама-ойшылдар- дың шығармаларында көшпенді ата- бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Қа- зақ топырағында жан мәселелері жай- лы XX ғасырдың басында өндірте жазған  адамның  бірі  – Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді еңбек айрық- ша атауға тұрарлық. Өйткені бұл – бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл туынды.

Қырқыншы жылдарға дейін әзір- байжан, өзбек, түрікпен, қырғыз, баш- құрт, татар т.б. тілдерде мұндай ең- бектердің болмағанын ескерсек, осы басылымның бағасы ерекше арта тү- седі. Петербургтегі әскери-медици- налық академияның түлегі Халел Досмұхамедов (1883-1939) Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болумен қатар, әртүрлі ғылым са- ласында (медицина, физиология, та- рих, әдебиет, психология, т.б.) өзін үлкен биіктен көрсеткен тұлға еді. Ол қазақ этнопсихологиясының ірге- тасын қалаушылардың бірі болды. Оның «тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт… Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» деуі қазіргі кездегі мемлекеттік тілді өркендету, дамыту мәселесімен ерекше үндесе- тіні хақ.

Осы кезде ғұлама ақын М.Жұмабаев (1893-1937) «… қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл» дейтін аталы сөзін өзінің «Пе- дагогика» атты кітабындағы пси- хологиялық түйіндердің негізгі арқа- уы етті. 1923 жылы Орынборда В.Я. Струминскийдің (1880-1967) «Пси- хология» атты көлемді еңбегі жарық көрді. Сол жылы Ташкентте П.Н.Ар- хангельскийдің «Мектептегі психо- логиялық зерттеулер» деген еңбегі, Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие», Ғ.Қарашевтің «Педаго- гика» атты төл туындылары жарық көрді. 1935-1948 жылдар арасында Семейде қызмет еткен белгілі орыс психологі  А.П.Нечаев (1870-1948)

«Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» (1940), «Психология» атты оқу құралын жазды. 30-40 жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ ғалымдары да (Ш.Әлжанов, С.Балаубаев, С.Қожахметов, Ә.Сы- дықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, т.б.) жүргізіп келді. Соғыс жылдары елі- мізде қызмет еткен профессор Г.С.Кос- тюк, профессор В.Я.Резник, профес- сор П.М.Рубинштейн т.б. респуб- ликадағы психология ғылымының дами түсуіне жәрдем етті. Қазақстан- дағы психология ғылымы, әсіресе, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар- да елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы Қазақ педаго- гикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика- лық университеті) тұңғыш рет психо- логия кафедрасы, 1947 жылы Қазақ университетінде логика және пси- хология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылдары осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шықты. Бұлардың көпшілігі психология мамандығын иеленіп, еліміздің оқу орындарында, ғылыми мекемелерде қызмет ете бастады.

Осы жылдары республика үшін пси- хологтар даярлауда профессор Т.Т.Тә- жібаев (1910-1964) пен профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Елуінші жылдары Қазақ- станның өзінде психология ғылы- мынан бірнеше диссертация қорғал- ды (Е.Суфиев, АТемірбеков, М.Мұқанов т.б.). Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулық- тар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың  қатарына М.Мұқановтың

«Ақыл-ой  өрісі», Қ.Жарықбаевтың

«Қазақ психологиясының тарихы», Т.Жүкештің «Ұлттық психология- ның сипаты», Р.Илешованың «Ме- дициналық психология», Ә.Алдамұ- ратовтың «Қызықты психология», Ғ.Досболов-тың «Алдын ала тергеу- дің психологиясы» т.б. толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады. Пси- хология тақырыбына арналған бір- неше ғылыми конференциялар (1962, 1973, 1990, 1994, 1996, 1998, 2000-

2005 жж.) өткізілді. 1988 жылдан бастап елімізде психологтар даярлау жаңа қарқынмен қолға алынды. Қа- зіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атын- дағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Тараз, Қостанай, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан университеттерінде психологиядан бакалавр мен магистранттар даяр- лануда, орта мектептерде «психолог» мамандығының штаты енгізілді, ҚазҰУ-де академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология орталығы, Алматы облыстық «Ұлттық тәлім- тәрбие» қауымдастығы (1991-2001) ондаған психология кафедралары жұмыс істейді.

Қазіргі кезде психологиялық зерт- теулердің кешенді тақырыптары қол- ға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы ар- тып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық мәселелері, мал ша- руашылығына қажетті мамандардың, сондай-ақ, жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, медресе шәкірт- терін оқытып, тәрбиелеудің психо- логиялық проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қостілдік пен көптіл- діктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшу- ге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жайттар алдағы жер- де өз шешімін күтіп тұрған өмір- шең ғылыми мәселелер болып табы- лады. Ортағасырлық қазақ ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388- 1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның бас- ты еңбегі «Шипагерлік баянда» көп- теген психологиялық ұғымдар (түй- сік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар.

Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн т.б.) жан туралы түсінікте- ріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын бас- қаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғылыми тұрғыдан дәйекті де наным- ды. Мәселен, оның пікірінше ес – көрген, естіген нәрсені жадында сақ- тау үшін аса қажет. Адам тез аңғар- ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс («… тез, шапшаң, жеткілік- ті аңғарып, ойға қонымды, көңілге толымды, өте нанымды, бүге-шегесі- не дейін ойда сақтау»).

Автор есті дамыту үшін көптеген тау-тас, жер-су және жан-жануарлар- дың аттарын жаттап алудың қажет- тілігіне үлкен мән береді. Адамның есте сақтау қабілетінің ойдағыдай дамуына негіз болатын қасиеттің бі- рі – зерделілік пен зейінділік. Оның пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспайды. Осы еңбекте зейін кө- бінесе «мәнділік аңғарым» деген ұғым мағынасында беріліп, оның адамның мақсатты қызығуына бай- ланысты қалыптасатыны біраз сөз болады. Ойлау процесінде адам сезім мүшелері арқылы әр затты, нәрсені жан-жағынан қарап, бір-бірімен са- лыстырады, одан соң барып толға- нады, өйткені толғану сараланбаса, ойлау дараланбайды дейді. Ойлау, сөйлеу қызметіне байланысты екен- дігін баса айтады. Ойдың сөз арқы- лы бейнелеуінің арқасында адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімде- рін есінде сақтап қалады, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Айтар ойымызды шимайлап қағаз- ға түсіргенде ғана оны түгелдей есте сақтай аламыз.

Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны сараптап, толғана талдау қажет. Ай- тар ойыңды алдымен өзің түсініп ал, алдамшы сезімге беріліп үстірт ойлау – үлкен қателік, жақсылап тү- сіну үшін көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстай білу қажет. Ғұ- лама ғалым сөз саптау, сөйлеу мәне- ріне де ерекше мән берген. Оның пайымдауынша, жұмсақ, байыпты, сыпайылықпен сөйлеу кімге де бол- са жарасымды қасиет («Жақсы сөй- лемелік, Жанға шырай бермек»). Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей ашық айту, яғни ой жинақтылығы, оның мазмұнды болуымен байланыс- ты. Бала түйсігінің дұрыс қалыпта- суы үшін сезім мүшелерін таза ұс- тап, оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырған абзал. Бала- ның өң мен түсті, тәтті мен ащыны дұрыс ажырата алуын, алыс-жақын- нан келетін дыбыстарды дәл естуін ата-аналар мұқият қадағалауы тиіс, мұның өзі әр затты жан-жақты түйсі- ніп, оның сыр-сипатын түсіне білуге жәрдем етеді. Еңбекте жантануға байланысты бұдан басқа деректер жеткілікті. Мәселен, мінезге батырлық пен батылдықты, қайсарлық пен ша- пағаты болмайтындығын айта оты- рып, ондайларды барынша шенеп- мінейді. Адам өмірге келген соң, белсенді өмір сүруге, «сегіз қырлы, бір сырлы» болуға ұмтылуы тиіс дейтін тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен орын алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *