ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДОЛОГИЯ. Кеңес үкіметі жылдарында Қазақ республикасы КСРО-ның бір бөлшегі болғандықтан, мұндағы бар- лық рухани өмір, ғылым мен білім, әдебиет пен мәдениет марксизмге негізделген бір орталықтан бастау алып отырды. Олай болса, сол кезде- гі басқа одақтас республикалар сияқ- ты, ұлттық идеология деген ұғым сөз болудан қалып, рухани тірліктің бәрі кеңестік идеологиямен суарылатын еді. 1928 жылдың қарашасында Ал- матыда алғашқы жоғарғы оқу орны ашылғаны белгілі. Ол кейіннен Абай атындағы Қазақ педагогикалық ин- ституты деп тарихқа енді (қазірде ол Қазақ Ұлттық педагогикалық уни- верситеті деп аталады). Осы оқу ор- ны ашылған кезде мұнда бар-жо- ғы үш кафедра бар еді. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті, қоғамтану және педология. Педология кафедрасы- ның басшылығына сол кездегі Қа- зақстандағы ағарту саласына таны- мал болып қалған, Санкт-Петербург- тегі әскери медициналық академия- ны 1909 жылы алтын медальмен бі- тірген Х.Досмұхамедов тағайындал- ған болатын. Ол проректор қызметін қоса атқарып жүрді.
Х.Досмұхамедов педологияның ке- шендік ғылым екендігін ескере оты- рып, студенттерге лекция оқуда оны физиология, психология, т.б. ғылым- дарымен байланыстыра баяндаға- нын байқаймыз. Халық ағарту ко- миссариаты арқылы осы институтқа Ташкентте жүрген біраз қазақ зия- лылары шақырылды деп жоғарыда айтып өттік. Солардың ішінде Х.Дос- мұхамедовтың орны ерекше еді. Ол кісінің алдын көріп, шәкірті бол- ған, кейіннен Қазақстан Ұлттық Ака- демиясының академигі, белгілі түр- колог Ісмет Кеңесбаев төмендегі жәйтті еске түсіреді.
«Институт орналасқан ғимараттың екі жақ қабырғасына керілген қызыл матаға ақ бояумен кішігірім бала- ның үлкендігіндей «Қазақ, қырғыз тәлім-тәрбие үністеті» (институт сө- зінің сол кездегі жазылуы) деген арап қарпімен нақышталған сұлу жазу алыстан көзге шалынатыны әлі жа- дымда. Институтта бізге қазақ тілінен Елдос Омарұлы, әдебиеттен Смағұл Сәдуақасұлы, педология, фи- зиология, анатомия пәндерінен Ха- лел Досмұхамедов дәріс берді. Сол жоғарыда аты аталған жоғарғы оқу орындарында оқу жоспарында пе- дология деген пән болатын.
Бұл баланың дүниеге келген күнінен бастап есейіп, ержеткенге дейінгі дамуын зерттейтін кешенді ғылым еді». Жоғарыда келтірілген естелікте академик І.Кеңесбаев өз ойын былай- ша жалғастырады: «Педология ілі- мін Ресейде Блонский Павел Петро- вич, Выготский Лев Семенович дей- тін ғалымдар, ал Қазақстан мен Ор- та Азияда Халел Досмұхамедов не- гізін салып, іргесін қалады. Ғалым өте кішіпейіл, үлкенге де кішіге де ізетті, көп сыр шашып үндемейтін, тұйық адам болатын. Институтта жазатайым ауырған сырқағандар бола
қалса, ол студент пе, оқытушы ма, мейлі Х.Досмұхамедов оларға дереу ем жасап, құлан таза айықтырып жіберетін. Ол кісіні атағанда «доктор» деген анықтауышты аты-жөніне қо- сып айту дағдысы зиялылар ара- сында қалыптасқандықтан, біздер, шәкірттері де бұл дәстүрді әрдайым бұзбауға тырысатын едік».
Қазақстанның өзінде жоғары оқу орындарының болмауы, арнаулы бі- лім беретін мектептердің аздығы пе- дагогикалық кадрлар даярлау ісіне айтарлықтай қиындықтар туғызды. Республика жағдайында сол жылда- ры педагогикалық жоғары оқу орын- дарын ұйымдастыруда мәдени және материалдық жағдай да жоқтың қа- сы еді.
Міне, осындай кезде Қазақ респуб- ликасында жоғары оқу орнын ашу ауадай қажет болды. Бұл мәселе, республика құрылған күнінен бас- тап, түрлі ұйымдар мен мекемелер- де талқыланып тұратын. Әсіресе, пе- дагогикалық білім беру саласында жоғары оқу орнын ұйымдастыру қа- жеттілігі ерекше сезілген еді. Рес- публика үкіметі жоғары педагогика- лық оқу орнын ашу туралы мәселе алғаш қойылғаннан бастап, Халел Досмұхамедов мұның басы-қасында болып, оны ұйымдастыруда орасан еңбек сіңірді.
Ол педологияны халқымыздың ру- хани мұрасымен де (фольклор, салт- дәстүр, т.б.) сәтті ұштастырып, қазақ топырағында бұрын-соңды өріс ал- маған білім саласымен қазақ студент- терін молынан сусындатады. Ол мұнда педология кабинетін тұңғыш ұйымдастырады. Мәселен, 1929 жыл- ғы 14 қаңтарда университеттегі педология кабинеті үшін көптеген құ- рал-жабдықтарды жинастырғаны туралы мәлімет архив деректерінде сақталған. Мұнда антропометриялық зерттеу құралдары, спирометр, эсте- зиометр, хронометр, ересектерге жә- не балаларды зерттеуге арналған динамометр, сол сияқты адамның педагогикалық, физиологиялық, пси- хикалық дамуын зерттеудің мате- риалдары, тестілер, микроскоп, секун- домер, әр түрлі плакаттар мен диа- позитивтер мен слайдтар. Кафедра- да педология пәнінің оқу бағдар- ламасы мен әдістемелік материалдар мұғалімдер үшін «Педология» пәні 90 сағат көлемінде оқытылып, бі- рінші курста – «Жас ерекшелік педо- логиясы» оқылыпты. Бұларды Х.Дос- мұхамедовтен басқа оның ассистент- тері Кеплер және Капин жүргізген. Бағдарламаның «Педологияға кіріс- пе» бөлімінде баланың анатомия- лық, физиологиялық ерекшеліктері- мен, адам гигиенасымен таныстыру мақсаты көзделген.
Мұның мазмұнында берілетін негіз- гі түсінік – ағза мен ортаның өзара қатынасы, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары, шартты рефлекстер және т.б. мәселелерді қамтиды. Бағ- дарламада эксперименттік психоло- гияның тәжірибе сабақтары да қа- растырылған. Мұнда жеке адамның тұлғасы, оның мінез-құлық ерек- шеліктері, тұлға мен ортаның өзара қатынастары, оның жеке дара пси- хологиялық ерекшеліктері баяндал- ған (1-кестені қараңыз). Ал екінші курста оқытылатын «Педология не- гіздері» пәні қазіргі психология жә- не рефлексология ғылымдарының келелі мәселелерін оқу үрдісінде жүйелі беріп отырған. Мәселен, бірінші тақырыбы «Психологияның оқыту пәні – адам қылығы» деп беріліп, одан кейінгі тақырыптар: психологияның әдістері, жеке тұлға, жоғарғы жүйке жүйесі, адам мінез-құлқы, эмоция, зейін, қабылдаушы мүше және оның реакциялары, қабылдау, ес, ойлау жә- не сөйлеу, мінез-құлықтың типтері, темперамент деп тізбектеліп кете бе- реді. Мұнда біздің назарымызды ау- дарған мәселе, жоғарыда аталған та- қырыптар бойынша дәріс оқыты- луымен шектелмей әрбір теориялық тақырып міндетті түрде педология- лық кабинеттің (ал педологиялық кабинет сол кездегі барлық жоғарғы және орта оқу орындарының бәрін- де ашылған) лабораториясында ар- наулы құрал-жабдықтармен тәжіри- бе жүзінде жүргізілген. Сонымен қа- тар жоғарыда аталған психология- ның әдістері салыстырмалы гене- тикалық эксперименттік бақылау, тест әдістері мен анкеталау әдістері, т.б. әдістері бала тәрбиелеуші ме- кемелерінде, мектептерде практикум түрінде жалғасып, педологиялық мі- нездеме берілген. Үшінші курсқа оқы- тылатын педологияның бағдарлама- сында (Жас ерекшелігі педология- сы) мектеп және бала, биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан балалар- ды зерттеу әдістері, баланың физи- калық дамуын зерттеу әдістері, ан- тропометрия және оның стандарт- тары мен құндылығы.
Антропометрия практикумы, табиғи зксперимент, байқау, бақылау, ан- кета, лабораториялық зерттеулер жүр- гізілген. Сонымен қатар баланың жас ерекшеліктерін және жас кезе- ңіне сәйкес физиологиялық, анатомиялық, психологиялық даму жағ- дайларын мектепке дейінгі кезең, бірінші мектеп жасы, өтпелі жас ерек- шеліктері жүйелі оқытылған. Х.Дос- мұхамедов өз лекцияларында бала- ның анатомиялық, физиологиялық, гигиеналық және психологиялық деректеріне сүйене отырып, жан-жақ- ты зерттеу мәселелеріне аса үлкен көңіл бөлді. Онда ғалым өскелең ұр- пақтың адамгершілік қабілеті, тұл- ғалық дамуын қалыптастыруда, бе- йімділігі мен қабілеттілігінің рөлін нақты мысалдар арқылы көрсете білді. Жоғарыда ұсынылған кестеде Педология мен психологияның ғылы- ми ұғымдары мен категориялары- ның үндестігі көрсетілген