ҚАЖУ

ҚАЖУ – 1) организмнің дене және ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер еткенде қалыптасатын және жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипаттала- тын күйі. Организмнің қарекеті қамтамасыз ететін психофизиология- лық жүйелері жұмысының үйлесім- сізденуінен білінеді. Бұл қан ай- налысының, тыныстаудың, терморе- гуляцияның және т.б. теңдес емес өзгерулерінен, ал ой еңбегінен қажы- ғанда зейіннің босаңсуынан, ойлау процестерінің баяулауынан, жадтың (қайта жаңғыртудың) қателесулері- нен көрінеді. Субъективтік тұрғыда Қ. жұмыстың қиындығы және жал- ғастырылуы мүмкін еместігіне күйі- ну ретіндегі шаршау секілді сезіледі. Алайда шаршау қажуға тән орга- низмдегі өзгерістерге әр кезде сай бола бермейді, ол түрткі-себептің жеткіліксіздігінен, жұмысқа деген ынтаның жойылуынан және т.б. туындауы мүмкін. Және, керісінше, объективтік тұрғыдан қажыған адам жұмысқа берілуі себепті шаршаға- нын сезбеуі мүмкін. Ересек адам Қ. пайда болған кезде организмнің компенсаторлық мүмкіндіктерін пайдалану есебінен біраз уақыт бо- йына жұмысты жалғастыра беруі ықтимал. Бірақ бұл орайда атқары- латын жұмыстың, әдетте, сандық жә- не сапалық көрсеткіштері бұған қар- сы арнайы шүйілмесе төмендейді.

Басқа жағдайлар бірдей болғанда Қ. жұмыстың ұзақтығына және қарқындылығына тәуелді. Мектепке дейінгі балаларда қажудың алғаш- қы нысандары ғана білінеді: оның алғашқы белгілері пайда болғанда ба- ла атқарып жатқан қарекетін тоқ- татады.

Қажуға себепші жағдайлар: жұмыс- тың бірсарынды, іш пыстырарлық- тай, қызғылықсыз болуы; жұмыстың қолайсыз жағдайда атқарылуы (шуыл, жарықтың жетіспеуі); қозғалыс бел- сенділігінің болмауы, бұлшық еттер- дің статистикалық ширығуы (тапжыл- май отырып жұмыс істеу). Қажудың білінуі бала организмінің күйіне де байланысты. Ол ауырып тұрғаннан кейін, созылыңқы интоксикация ке- зінде және т.б. тез басталады.

Мектеп оқушысының қажи бастаға- нының нышандары: қозғалақтап ты- нышсыздану, зейіннің босаңсуы, шам- шылдық, жұмыстың дәлдігі мен жыл- дамдығының кемуі, реакция шап- шаңдығының азаюы, материалдың нашар игерілуі, бас ауруы. Қажудың тез басталуының алдын алу амалда- ры жұмыстың көлемін бала орга- низмінің физиологиялық мүмкіндік- теріне, психикалық процестердің да- му деңгейіне сәйкестендіру, сондай- ақ жұмысты орындау үшін қолай- лы жағдай жасау болып табылады.

Оқушылардың ақыл-ой күшін әр түрлі дәрежеде жұмылдыруды талап ететіндей сабақтарды кездестіріп оты- ру маңызды:

  • жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуі;
  • Қ. мінез-құлықта (жұмыстың өн- беуі), физиологиялық жағдайда (ес- тің, зияттың, зейіннің сезгіштіктің бұ- зылуы); эмоциялық – мотивациялық деңгей- дің бұзылуында кездеседі.

Қ. түрлері: физикалық Қ., ақыл-ой- дың қажуы, өткір Қ. және тұрақты Қ. болып бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *