ҚАБІЛЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТЕOРИЯЛАР – психология ғылымында қабілеттілік жайлы әртүрлі теория- лар қалыптасты. Кеңінен тараған теориялардың бірі – қабілеттіліктер- дің тұқым арқылы берілетіндігі, адам- ның туа біткен психикалық ерекше- лігі туралы теория. Идеалистік фи- лософияның атасы Платон қабілет- тіліктер туа біткен қасиеттер деп тұ- жырымдады. Ал XVII ғасырда Декарттың еңбектерінде туа біткен идеялар туралы ілім ретінде қарас- тырылады. Ғылыми психология қа- білеттіліктердің туа біткендігін жоқ- қа шығарады. 1875 жылы ағылшын антропологі әрі психологі Ф.Гальтон
«Таланттың тұқым қуалауы, оның заңдары және салдары» атты кіта- бын жариялады.
Ол еңбегінде тарихқа белгілі адам- дардың туыстық байланыстарын зерттей келіп, дарындылық тұқым арқылы берілетіндігін дәлелдемек болды. Бірақ Гальтонның тұжырым- дарында ғылыми негіз болмады. Галь- тонның материалдары бойынша бір- ден-бір жасауға болатын қорытын- ды белгілі, бай және білімді адамдар- дың отбастары интеллектуалдық ең- бекпен айналысу үшін қажетті са- паларды дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыратындығы туралы айт- қан ойларын атауға болады. Галь- тонның зерттеуі бойынша атақты композитор Бахтардың отбасында, мысалы, музыкалык, талант алғаш рет 1550 жылы аңғарылды және бес ұрпақтан кейін ұлы композитор И.С.Бахта талант ерекше аңғарылды. Бахтардың отбасынан 60-қа тар- та музыкант шықты, оның ішінде 20- сы ұлы музыкант болды.
Осыдан жалпы қорытындылар жа- сайтын болсақ, көп жағдайда ұлы адамдардың тұқымдарын зерттеу биологиялық тұқым қуалауды емес, әлеуметтік жағдайлардың қабілет- тіліктерді дамытуға қолайлы әсер ететіндігін аңғаруға болады. Соны- мен қатар Бахтардың отбасының үл- гісі музыкалык нышандардың тұқым арқылы берілетіндігі туралы негіздің орын алатындығын ескерген жөн. Оларда бір ұрпақтан екінші ұрпаққа есту анализаторларының құрылы- мы мен іске асуының белгілі ерек- шеліктері тұқым арқылы берілуі мүм- кін. Френология ғылымының пайда болуы Франц Иосиф Галль (1758- 1828) есімімен тығыз байланысты.
Адамның немесе жануарлардың пси- хологиялық ерекшеліктері бас сүйек- тің сыртқы бітімімен байланысты- лығы туралы ілім. Оның ілімінің негізіне бүкіл адамзаттың қабілетті- ліктері «ақыл» мен «жүректің» бар- лық сапалары бас мидың жарты- шарларында өзінің арнаулы орталық- тары орналасқан. Бұл сапалардың даму дәрежесі мидың сәйкесті бөлік- терінің көлеміне тікелей байланыс- ты деп түсіндіреді. Бас мида орна- ласқан орталықтардың әрқайсысын- да адамның белгілі бір қабілеті шо- ғырланған. Осы қабілеттілік күшті дамыған жағдайда мидың тиісті ор- талығы да өте дамыған болады. Осы- ның өзі бас сүйектің бітімінде көрі- неді-міс. Бұған негізделген арнау- лы өлшемдер арқылы френология- лық карта жасалады. Онда музы- каға, поэзияға, сурет салуға «қабілеттіліктердің дөңестерін», «атақ- құмарлық, сараңдық, ерлік және т.б. қасиеттердің» дөңестерін бейнелеу- ге болады деп тұжырымдайды. XIX ғасырда френология психо-диагнос- тика әдісі ретінде барынша кеңінен қолданылды.
Алайда, бас сүйекке жасалған көп- теген зерттеулер оның ми қабаты- ның нысандарын әсте де қайтала- майтындығын, сондықтан бас сүйек- тің орталықтары мен дөңестеріне қарап адамның ақыл-ой қабілетті- лігін, мінез ерекшеліктерін анықтау- ға әрекеттенудің негізсіз және ғы- лымға мүлде қарсы болатындығын көрсетті. Қабілеттілік тұқым қуалау арқылы беріледі деген теорияға қа- рама-қарсы қабілеттілік өмірге кел- геннен кейін қоршаған орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы теорияны атауға болады. Бұл тео- рияны алғаш рет XVIII ғ. ғылымда Гельвеций тұжырымдаған болатын. Ол қабілеттілікті қалыптастыруда тәрбиенің рөлін ерекше бағалады.
Жаңа кезеңде америка ғалымы У.Эш- би қабілеттіліктер және тіпті дарын- дылық өмірде қалыптасқан қасиеттер- ге байланысты екендігін ерекше ата- ды. Ол мың рет сәтсіздікке ұшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан адам қабілетті де осыны шешпей тас- тап кеткен адам – қабілетсіз дейді. Психологтардың зерттеулері мен бай- қаулары қабілеттің биологиялық ал- ғышарттары болатындығын жоққа шығармайды. Психолог-ғалымдар мидың, жүйке саласының құрылы- мында туғаннан, тұқым арқылы бе- рілетін кейбір ерекшеліктер (нышан- дар) қабілеттіліктердің дамуына қо- лайлы жағдайлар жасайтындығын және ерекше рөл атқаратындығын дәлелдеді.
ҚАДАҒАЛАУ ЛОКУСЫ – тұлғаның өз өміріндегі мәнді оқиғалардың себебін өз қылықтары мен мінез- құлық ерекшеліктеріне балау дәре- жесі. Кеңестік психологтар тұлғаның әр-түрлі тіршілік саласындағы ин- терналдылық қасиетін анықтау мақ- сатымен, бастапқы Дж.Роттердің қадағалау локусы әдістемесін қайта құрастырған. Авторлардың пікірін- ше, субъективтік қадағалау деңгейі – тұлғааралық қатынастарды қалып- тастыруға бағытталған, отбасы, өн- дірістік және т.б. салалардағы шие- леністі жағдаяттарды шешу тәсілде- рін реттейтін, тұлғаның жалпылан- ған сипаттамасы. Бұл әдістеме тұл- ғаның өзін-өзі танытуынан болып жатқан оқиғаларға оның белсенді де саналы қатынасы арқылы анықтау- ға мүмкіндік береді. Мұнда оқиға- лардың негізгі себептері тұлғаның өз іс-әрекетінің, мінез-құлқы мен қы- лықтарының нәтижелеріне балана- ды. Осылайша, тұлғаның интернал- дылық деп аталатын тенденциясы оның өзін-өзі танытуына қолайлы жағдайлар тудырып, оның жетілген. жауапкершілікті және дербес ұс- танымын көрсетеді.