ҚАБЫЛДАУ – ақиқат дүниедегі зат- тар мен құбылыстардың сезім мү- шелеріне тікелей әсер етіп, тұтас- тай заттық түрде бейнеленуі. Қабыл- данатын заттардың қасиеттері мен бейнелері кеңістікте шоғырланады. Қ-дағы бұл үрдіс объективация деп аталады. Қ. нәтижесінде пайда болатын бейне бірден бірнеше ана- лизаторлардың өзара әрекеттесіп, үйлесімді жұмыс атқаруының нә- тижесі. Осы анализаторлардың қай- сысы белсенді жұмыс атқарып, ақ- параттық мәліметті көп берсе, соған байланысты Қ. түрлері де ажыра- тылады (көру, есту, тері, қозғалыс т.б.). Қ-дың түйсіктерден едәуір дамығандығын көрсететін тағы бір ерекшелігі, қабылдаудың негізінде адам санасының затқа, құбылыс- қа, үрдіске жатқызатын өзара байла- нысты түйсіктердің жиынтығы ретін- де бейне қалыптасады.
Түйсіну мен қабылдаудың ұқсас- тығы – екеуінің де пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы. Қ-ға түй- сіктермен қатар, ой элементтері де, елестер мен ұғымдар да енеді. Қабылдау кезінде заттар мен құбылыстар- дың қалай болғанын, олардың қа- сиеттерінің қандай екендігін түсініп, ұғымымызды кеңейтіп отырамыз. Анық және жақсы қабылданған зат- тар ғана түсінікті болады. Адам дү- ниедегі заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бірімен-бірін салыстырады, арасындағы ұқсасты- ғы мен айырмашылығын, жалпы қасиеттерін ажыратып отырады.
Қ. басқа да психикалық функциялар сияқты, дүниедегі объективті заттар- дың адамның санасында субъектив- тік бейнеленуі. Адам қабылдауының мазмұны түгелімен сыртқы дүние- дегі заттар мен құбылыстардың мә- нін бейнелейді. Қ. үрдісінде адам- ның өткендегі тәжірибесі ерекше орын алады. Бұл ерекшелікті аппер- цепция деп атайды (Апперцепцияны қараңыз). Жалпы, адамның қабыл- дауы эволюциялық жолмен дамып, қоғамдық тәжірибе әсерінен жетіліп, күрделеніп, кеңейіп, мазмұны жа- ғынан кеңейіп жатады. Қ-дың құры- лымдылығы – қабылдаудың тұтас- тылығымен тығыз байланысты ерек- шелігі.
Біз белгілі бір объекттің жеке эле- менттерін емес, тұтас құрылым ре- тінде қабылдаймыз. Мыс., музыка- ны қабылдағанда, біз оны жеке ноталар бойынша емес, тұтас әуен ретінде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз. Қ-дың тұрақтылығы неме- се константтылығы деп сыртқы жағ- дайдың өзгеруіне қарамастан, зат- тардың мөлшері, формасы, түсі және т.б. қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мыс., ақ қағаз қараңғы бөл- меде қара болып көрінсе де, біз оны ақ түсті ретінде қабылдаймыз. Қ.- дың тұтастылығы – бұл объекттің кейбір қабылданатын элементтерінің жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйіне толықтыру. Қабылдауда заттар мен құбылыстар- дың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, фор- масы, т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мыс., алманы қабыл- дауды алайық. Мұнда біздің анали- заторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қа- сиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады. Қ. кейбір жеке қасиеттер- ден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай бей- нелейміз.
Қ-дың нәтижесінде қалыптасатын тұтас бейне түйсіну түрінде алына- тын заттың жеке қасиеттері мен са- палары жөніндегі білімдерді жалпы- лау негізінде құрылады. Қ. үрдісінде адамның өткендегі тәжірибесі ерек- ше маңызды. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақ- сы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсен- ді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік тудырады.
Қ. – ми қабығының күрделі анализ- дік және синтездік қызметінің нәти- жесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде бірнеше тітіркендіргіштер- дің жиынтығы мен олардың қарым- қатынасында пайда болатын уақыт- ша байланыстар жатады. Мұны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп ата- ған. Мәселен, көру анализаторла- рында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді. Қ. – түйсіктегідей бір анализатор- дың ғана қызметі емес, бірнеше ана- лизаторлардың бірлесіп қызмет іс- теуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады. Қ-дың мағыналығы, бұл не- гізгі айырмашылығын жақсы көр- сетеді. Объектілердің мазмұнын тү- сінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. Қ-да объекттің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәсе- лен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ, азын-аулақ хабарымыз бар тілді ша- ла-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсі- нетіндіктен ғана оларды толық қа- былдайды.
Заттар мен құбылыстардың мағына- сын түсінудің қарапайым түрі – та- ну. Нәрсені танымайынша, оны аң- ғарып, қабылдау қиын. Тану жалпы- лай және даралап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бер- мейді. Объектілерді даралап тану ар- қылы ғана оларды анық, толық қа- былдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден танудан, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оңай.
Қ-дың таңдамалылығы, толып жат- қан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда онда- ғы бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта «университет» деген сөз «ун- верситет» деп қате жазылса да біз мұны «университет» деп дұрыс оқи- мыз. Кітап оқығанда оның мазмұ- нына ерекше көңіл бөлінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей қала- ды. Ал жеке сөздерге, жеке әріптер- ге шұқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) мәтіннің мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады. Қ-да зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мұндай жағдайда объекттің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, қазірде іс- теп жатқан әрекетімізге қажет қызық- тыратын, қажетімізге жарайтын нәр- селер болып табылады. Қ-дың таң- дамалылығы әр түрлі объективтік (объектілердің ерекшеліктеріне – күші, қозғалысы, қарым-қатынасы т.б.) және субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық көңіл күйі т.б.) себептерге де байла- нысты болып келеді. Мұғалім бірне- ше оқушыдан үй тапсырмасын сұ- раған кезде оған бір баланың жауа- бы ерекше ұнайды.
Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұ- ғалімнің оъектісі сол бала болады да, қалғандарының жауабы жөнді елен- бейді. Қ-да ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе (жоғарыдағы мысалда баланың сабақты жақсы айтуы) фигу- ра делінеді де, қалғандары (осы сұ- раққа жөндеп жауап бере алмаған оқушылар) соның фоны болады. Сөйтіп, аса зейін қойған зат әр кезде фи- гура болады да, оның айналасында- ғы қоршау фон болып есептелінеді.