Фольклор және кино. Мәдениеттің басқа түрлеріндей емес, кино өнері өзінің шығу тегі жағынан фольклормен тікелей байланысты болған жоқ. Алайда, ол фольклорлық сюжеттерді кеңінен пайдаланып, әр кезде көркем фильмдер мен мультипликациялық фильмдер жасап келеді. Бұл тұрғыдан келгенде, ертегілерге көп мән берілді. Ал, батырлар жыры қазақ киносының назарынан тыс қалып келеді. Ғашықтық жырлар ұлттық кино өнерінің дамуында кезеңдік фильмдерге негіз болды («Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек»). Бұл шығармалар кино өнерінің ерекшеліктеріне байланысты оқылып, түсірілген болатын. Мультфильмдерде де осы заңдылық орын алды.