Сүрелердің атаулары

Сүрелердің атаулары

Сүрелер өз атауларын  қиссасы баяндалған кісілердің есім дері нен (Нұх, Һуд, Ибраһим, Юсып, Əли Имран, Мұхаммед сияқты); немесе қауымдардың  (Жын, Періштелер, Мунафиқун, Мұтаффифин); немесе  тақырыптардың  бірінен;  немесе  алғашқы  сөздерінен  (Қад сəмиа, Ə.Л.М. Танзил, Субхан, Лəм якун); немесе бастарындағы хұруф мұқаттағадан (Таһа, Ясин, Қаф, Сад секілді) алған. Берілген атаулар тəуқифи (тəңір бұйрығымен) болмағандығынан, кейде бір сүренің бірден Ихсан-Даһр, Фатыр-Мəлəйкə, Исра-Бəни Исраил  сияқтыкөп атауы болады. Фатиха сүресінің Əсас, Салəт, Дұға, Үммул-Құран, Шифа секілді жиырма шақты атауы бар. Ислам ғұламалары арасында Зəрқаши сияқты бұлардың  тəуқифи екендігін қабылдауға  пейілді  ғалымдар да  табылады.

Кейде екі немесе одан да көп сүре тобына берілген атаулар да бар: Зəһрауан (екі жарқыраған сүре, яғни Бақара мен Əли-Имран), Мұғаууизəтан (Фалақ пен Нас), Муғаууизат (Ықылас, Фалақ, Нас), Мусəббихат (Хадид, Хашр, Саф, Жұма, Тағабұн, Ағлə), Хауамим немесе Зəуатул-хамим (40-46 сүрелер – Мүмін, Фуссилəт, Шура, Зухруф, Дұхан, Жасия, Ахқаф сүрелері). Зəуатур-Ра болса, Əлиф лам Ра-мен  басталған Юныс, Худ, Юсып, Рағд, Ибрахим жəне хижр сурелері. Тəуасин дегендер,«Та-син» деп басталған Шұғара жəне Нəміл  сүресін  қамтиды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *