КӨРІПКЕЛДІК

КӨРІПКЕЛДІК – адам мінезіндегі сезімталдық пен пайымдағыш қасиет- ті білдіретін сипат. К. білгірсініп, кө- регендік көрсету, болжағыштықты білдіретін адамның даралық ерек- шелігі. К. қасиетті бір орайда кекесін- ді түрде сипаттап білгірсу, көргенсу, болжағышсыну деп те анықтайды. К-ке берілген мұндай анықтаманың мән-жайы сәуегейлік деп түсіндіріп, К-ті сықақ етіп сынап айтқанды біл- діреді. «Келіп қалған көңілге бұл бір сезім, Келген сөзді бүгерлік жоқ мінезім; Ғибрат айтар сәуегей болма- сақ та, Құрбы-құрдас оқы да ойла өзің» (Аманжолов).

К. алдағы болар істі, оқиғаны «осы- лай болады екен» деп болжамдап ашу- ды білдіреді. К. – қасиет адамның өмір тәжірибесіне, білім деңгейі мен пайымшылдығына байланысты бо- лып отыратын сәуегейлік қасиет. «Сен- дер әнеукүні Балқыбекке трактор жүр- мейді деп те сәуегейлік қылғансың- дар, деді Смайыл» (Әуезов). К. бір жағынан адамның сезім күйіне бай- ланысты түрлі сенімдер тудырады да, К. адамның әулиелік, білгіштік қасие- ті бар екеніне сенім артады. Екінші жақтан К. шынайы адам бойындағы қасиет, ол болашақта не болатынын да болжап айтып, шындықты өзі барып көріп келгендей екен деген түсінікте боламыз. Мұның бәрі біздердің сені- мімізді білдіретін жайттар. Адам на- ғыз көріпкел бола алмайды. Алайда оның өмір тәжірибесі оны білгір, әрі ақылды әрекет деп бағалауға біздерді сондай сенім мен сезімге икемдейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *