Күннің саяхаты

Күннің саяхаты

«Сондай-ақ, күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне, осы аса үстем, əр  нəрсені  білуші  Алланың  өлшеуі» (Ясин, 38).

Жеті қабат жер-жеті қабат көк

«Ол  сондай Алла, жеті көкті жаратқан жəне жерді де солар сияқ ты жаратқан» (Талақ сүресі, 12).

Дүние атмосферасының құрылымы Құранның мəлімдегеніндей жеті бөлімнен құралады. Атмосфера қабаттарын бір-бірінен айырып тұратын қабықтары болады. Encyclopedia Americana-ның (9/188) санында келтірілген мəліметтер бойынша температурасына орай атмосфера мына қабаттарға бөлінеді:  

1-қабат. Тропосфера. Қалыңдығы полюстерде 8 шақырым. Экваторда 17 шақырымға дейін жетеді. Бұл қабат бұлттардың басым бөлігін қамтиды.

2-қабат. Стратосфера. 50 шақырым биіктікке дейінгі ауа телімі.

3-қабат. Мезосфера.  Биіктігі 85 шақырымға дейін. Мұнда ауа температурасы – 100 C°-қа дейін  төмендейді.

4-қабат. Термосфера.

5-қабат. Ионосфера. Бұл бөліктегі газдар ион күйінде болады. Радио толқындарының ионосферден  шағылысып  жерге қайта түсуінің  арқасында  байланыс  желілері  мүмкін  болады.

6-қабат. Eкзосфера: 500 бен 1000 шақырымнан асады. Бұл бөліктің  ауасы  күннің  ықпалымен  құбылып  отырады.

7-қабат. Магнитосфера: Бұл аспанның магниттік алаңы энергияға толы  болып  келеді.

Дəл сол деректе келтірілгендей  жер шары да 7 қабаттан тұрады:

1-қабат. Литосфера (су)

2-қабат. Литосфера(құрлық)

3-қабат. Астеносфера

4-қабат. Жоғарғы мантия

5-қабат. Төменгі мантия

6-қабат. Сыртқы ядро 7-қабат. Ішкі ядро

Білім мұны соңғы ғасырларда ғана аңғарған болса, Құран ғасырлар бұрын жар салған болатын. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *