КҮЙГЕЛЕКТІК

КҮЙГЕЛЕКТІК – адамның көңіл күйінің ерекшелігін білдіретін шам- дану, ашулану, қызуқандылық. К. – адамның жан дүниесіндегі сезімді, эмоцияны білдіріп, оның сыртқа шы- ғуынан байқалатын жайт. Бойын ашу- ыза кернеген адам қызарып, бозара- ды. Танауы желбіреп, сөйлеген сөзі үзік-үзік болып естіледі. Шамданып ашушаңдығын сыртқа шығарады. К-тің айқын көрінісі стрестік жағ- дай. Бұл күйіп-пісушілік. Қиын жағ- дайға душар болғанда асып-тасып аб- дырайды. Нендей әрекет жасап, қиын- қыстау жайттан шығудың айла-тәсі- лін шарқ ұрып іздестіреді. Басқа төн- ген қауіп пен апаттан құтылудың жо- лын іздеп «жанын шүберекке түй- гендей» күй кешеді.

Мұндай жағдай әуе кеңістігінде ұшып жүрген ғарышкерлердің, ұшқыш- тардың, Терістік Мұз мұхитымен Ан- тарктикадағы зерттеушілер өмірінде жиі кездеседі. Қиын-қыстау жағ- дайларға душар болған адамның көз алдында апатқа ұшырап өлім қаупі тұрса да, ол өз бойындағы күш-қуа- тын, ерік-жігерін, білімі мен тәжірибесін жинақтап, қатерлі жағдайда жеңуге жұмылдырады. Психология- да К.(стрестік) жағдайды жеңіп, қиыншылыққа төзіп, онан әр қилы айла-амалдар жасап, қалыпты күйге түсу дистресс деп аталады. К. сезім күйіне берілгіш адам денсаулығын да бұзып, жүйкелік ауруға жиі ұшы- рап, ақыл-есінде қалыпты жағдайдан ауытқушылық пайда болады. Төзім- ділік пен тапқырлық, әрбір істің құ- пия түйінін шеше білуге дағдылану адамды К. пен дағдарысты жайттар- дан арыла білудің тиімді амал-тәсі- лі болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *