КҮДІКШІЛДІК

КҮДІКШІЛДІК – адамның қандай да болсын бір іске, оқиғаға, сенім- сіздікпен қарап шүбәлануы. Әр нәр- сеге шек қойып күдіктене қарап, қа- уіп-қатер жоқ па екен деп күмәнда- нуы. «Нанасың не айтса да амалың жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ «алдар» деген Абай. К. іс-әрекет пен адам- ның сөйлеген сөзінің шындығы мен жалғандығына ой жүгіртіп сезікте- нуін, шүбәлануын да білдіреді. «Петр Қожақтың «жаңа хабарына» сеніңкі- ремеді, «шын айта ма, жоқ па» деген күдікті кескінде тоқталып қарады» (Ә.Нұрпейісов). К. адам болар істің, айтылған сөздің, түрлі хабарлардың шындығы мен ақиқатын көзімен кө- ріп, қолымен ұстамайынша сенімсіз- дік білдіріп күмәндана береді. «Уа- йым, қайғы, мұң, күдік, Мәңгі кетті көңілден» (Қ.Аманжолов). Ғылыми- зерттеу істерімен белгілі мәселенің дұрыс шешімін тауып шындыққа ай- налуы адам бойындағы күдікті сергі- тіп, ісін онан әрі жалғастыра беруін- де сенімін, бойындағы күш-қуатын арттырады, оптимистік көзқарасын нығайтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *