КІШІЛІК

КІШІЛІК – мінездегі кішіпейілді- лік, қайырымдылық сипаттарымен ерекшеленетін ұнамды қасиет. К. адамның ибалығын, әдептілігін де білдіретін жағымды сипат. «Жаман- ның көңілі көкте, жерде басы, алыс қой аңғарарға екі арасы. Жақсының өзі кішік, ойы биік, бірдей ме екеуі- нің мәртебесі (Жамбыл)». «Досмағұл кішіпейіл, мейірімді, сабырлы кісі еді (Көбеев)». «Кішіпейілділік бәрі- мізге ұнайды (Иманжанов)».

Ауыспалы түрде К. біреудің айтқа- нын тыңдап, оның ақыл-кеңесін өмір тәжірибесінде, іс-әрекетінде қол- дана білуі. К. адам қасиетіндегі мі- нездің ұнамды сипат-ерекшеліктерін білдіретін белгісі ретінде кімнің бол- са да сыйлап, құрмет тұтуына лайық- ты адам деп саналады.

К. адамның тұлғалық қасиеті мен кісілік бейнесін орынсыз кішірейту немесе адамның өз басын шамадан тыс кемітіп кішіреюі ұнамсыз қа- сиет деп саналады. К. кішірею мағы- насында жасару, жақсаруды да білді- реді. «Бұл түрінде ол он бес жас кішірейіп қалған сияқты (Ә.Әбішев)». Қазақ халқында: «Ағайынның кіші- сі болсаң, күшігі бол» дейтін мәтел бар. Мәтел топ ішіндегі, отбасы мен мен жора-жолдас арасындағы жасы үлкендерді сыйлап құрмет көрсетуге тәрбиелеп, кішілерге қамқорлық жа- сап, өнеге, тәрбие көрсетудің, кішіпе- йілділік пен қамқорлық мінезге бау- лудың үлгісі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *