КІСӘПІРЛІК – мінездегі жағым- сыз, жексұрын қылық. К. бірнеше мағынада қолданылады: 1. К. қалтаға түсіп, ұрлық жасаушы адам. 2. Қиын- қыстау жағдайда шыдамдылық пен төзімділік көрсетіп, ауыр халден құ- тыла білу. 3. Адамдармен қарым-қа- тынас жасауда өзінің ойындағы мақ- сатына жету үшін қандай да кедер- гі-тосқауыл кездесетін болса да он- дай жағдайдан босанудың амал-ай- ласын тауып, онан құтылып кете ала- тын қабілеттілігі. К.-тің тағы бір ерекшелігі – мақсатты ісін жүзеге асыру үшін түрлі айлакерлік жасап, қару-құрал қолданып, адамдардың өмірін жоюға дейін барады. Мінезде- гі К. істеген ісі мен қимыл-әрекетін- дегі қылмысын, ұрлық-қорлығын мойындамай қасарысып қарсылық көрсетуден танбайтын жексұрын қылық.