КІНӘМШІЛДІК

КІНӘМШІЛДІК – мінездегі өзге адамды айыптап, оның қателігін көр- гіштік, сөйтіп оны айыпты деп санау, өз ойындағысы болмаған соң жазғы- ру. К. – өзімсінген адамға тағылатын кінәрат. К. адамның бір жағынан жағымсыз, ұнамсыз қылығын білді- ретін мінез ерекшелігі болса, екінші тараптан алғанда, өзімсінген адам- ның бойындағы мінез-құлықтарын міней отырып сынаудың көрінісі бо- лып саналады. Өзге жұрттың, басқа адамның тіршілігі мен мінезінің кем- кетігін байқап көргіш, пайымдап біл- гіштігін білдіреді де, оны кінәлайды. К. адам мінезіндегі көңіл күйінен туындайтын орынсыз тілек пен өкпе- лі ойды да білдіреді.

К. өз мінезінің кем-кетігіне жете мән бермей, өзгелерге орынсыз ті- лек қояды. Мұндай ретте К. оның наздануымен де төркіндес болып жа- тады. Өзін ақылды, іскер санап, өз- гелерді кінәраттау өзімшілдік пен өркөкіректікті көрсететін ұнамсыз қылық. Әдетте адам өзгелерді айып- тап, оларды кінәлау үшін ең алды- мен өзінің кім екеніне де сын көзі- мен ой жүгіртіп қарағаны әдептілік пен адамгершіліктің өнегелі жайтта- рын білдіреді. Осы орайда ұлы Абай:

«Соқтықпалы соқпақты жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә  қойма» дейді. Орынсыз К. адамның ақыл- ойының өресіздігін білдіреді. Халық даналығы: «Көрпеңе қарай көсіл» деген ұлағатты кеңес айтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *