Еңбек пен кәсіпке байланысты фольклор. Бұл топқа аңшылық пен бақташылыққа, диқаншылыққа қатысты айтылатын, сондай-ақ алуан түрлі жағдайлар туралы баяндайтын архаикалық әңгімелер жтады. Олар меморат түрінде, яки хикая іспетті болып келеді. Мұндағы басты кейіпкерлер – аңшы, мерген және әртүрлі аңқұсар. Алғашқы қауымның өзінде-ақ тұрмыстық әңгімелер туып отырған. Олардың мазмұны күлкілі әрі ритуалдық мәнде болған (кейін бұл күлкінің ритуалдығы өзгеріп, кәдімгі сықақ болып шығады). Малшылық, аңшылық кәсіпке байланысты да әңгіме, өлең қалыптасып, олар да магиялық мақсатта орындалған. Осы ретке төрт түлікке, аң мен құсқа қатысты өлеңдер мен әңгімелерді жатқызуға болады. Диқаншылыққа қатысты фольклор да ежелгі нанымдарға арқа сүйейді. Тұрмыстық, кәсіптік фольклордың бір түрін лирикалық өлеңдер құрайды.