Ертегілер

Ертегілер. Бұл топқа енетін жанрлар да ерте замандарда пайда болып, адамзат тарихының әр кезеңінде өзгеріске түсіп отырған, сөйтіп біздің дәуірге классикалық көркем фольклор түрінде жетіп отыр. Ертегілер көне мифтермен, хикаялармен, наным-сенімдермен тығыз байланысты, ежелгі мифологияны жетілдіре пайдаланып, қиялды араластырып, ғажайыптық сипатқа ие болған. Соның нәтижесінде осы жанрдың өзіне тән поэтика мен эстетикасы қалыптасқан, болмысты солардың тезінен өткізіп бейнелеген. Бізге жеткен ертегілер бірнеше жанрдан тұрады: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық (новеллалық) ертегілер, сатиралық ертегілер. Бұлардың бәріне ортақ белгілері және әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *