Балалардың өздері шығарған шығармалар

Балалардың өздері шығарған шығармалар. Негізінен, мұндай шығармалар ересек балалардың арасында туып, орындалады. Олардың ішінде ғұрыптық та, ойындық та фольклор бар. Демек, мұнда әрі тұрмыстық, әрі эстетикалық мақсат қатар жүреді. Бір топ шығарма маусымға байланысты болса, екінші топты балалардың арнау-тілек, сондай-ақ күнделікті тіршілікке, табиғатқа, жан-жануарға қатысты жай өлеңдері құрайды. Ендігі бір топқа балалардың бірін-бірі сынау, білу, тану үшін айтылатын, сондай-ақ сөз бен өнер сайысын көрсететін шығармалар жатады (тақпақ, сұрамақ, қызықтама, мазақтама, санамақ, өтірік өлең, жұмбақ, т.б.). Бұларда біршама көркемдік сипат бар, олардың ұйқасы, ырғағы, шумағы, тағы басқа бейнелеу құралдары – тегіс фольклор дәстүріне сай.

Әрине, балалар фольклоры тек осы аталған үлкен екі топпен шектелмейді. Мұнда үлкендердің де кейбір, дәлірек айтқанда, оу-баста үлкен адамдарға арналып, бірақ бірте-бірте балалар қауымына ойысқан шығармалар да бар. Бұлар – балалар репертуарынан мықтап орын алып, өздерінің алғашқы мән-мағынасын, ежелгі функциясын жоғалтқан, сөйтіп басқа мақсатта орындалатын шығармалар (этиологиялық мифтер мен ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар). Олар көркемдік қасиеті жағынан да ерекшеленіп тұрады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *