Қажытай Ілиясұлы

Қажытай Ілиясұлы

(1939-2013)

Дарынды ақын, атбегі, сазгер, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.

 

 

***

Өнердің жаны – құштарлық, Жауы – іштарлық.

***

Өтірік қолпаш

Өнердің өңін түсіреді.

***

Шала өнерпаз

Шалабын шарбатқа балайды.

***

Өнерліні өнерлі аялайды, Өзімшіл аямайды.

***

Өсер елдің өнерін Ұл басқарады. Өшер елдің өнерін Сұм басқарады.

***

Ошарлы озбыр Өнердің қамын жемейді, Өнерлінің жанын жейді.

***

Зорлық зорайған жерде, Өнермен алатын олжаны Өлермен алады.

***

Аярда тіл жоқ, мін бар… Ал «Мін жоқ, тіл бар» Деуін ұғатын кім бар?..

***

Тілді білмеген,

Дымды білмейді.

***

Аярдың ылаңы Қалпынан білінбейді, Артынан білінеді.

***

Қаскүнемді көргенді,

Маскүнемді мәпелегің келеді.

***

Кісілігі жоқтың Кішілігі жоқ.

***

Бір мылжыңға билік тисе, Отыз қыртқа орын бар.

***

Жақсыға ілессең, жадыратады. Жаманға ілессең, тәңір атады.

***

Орынсыз сөз

Ожардан шығады.

***

 

Өзімшіл,

Өз басын кемітпейді.

Өзгенікін кеміктейді…

***

Өнерге өле қызығу – Адамдықтың нышаны.

Өнерліні қызғану –

Надандықтын нышаны.

***

Үйлеспейтін атақтан Үкілі бөркім артық.

***

Тілді құрметтемеген, Кімді құметтемейді.

 

***

Жікшіл жиналса,

Сұңғыланың тұғыры

Сұмпайыға бұйырады.

***

Топтанған тобыр Толымдыны тонап,

Дарындыны талайды.

***

Озбырдың ізінен Ойбай шығады.

***

Озбыр орға жығылса да, Жөнге жығылмайды.

***

Шерміш шіренсе де Шекесінен қарайды.

Шерленсе де,

Шекесінен қарайды.

***

Өзімшілдің ығында

Оңған адам жүрмейді.

***

Жауыздық – заманның кінәсі емес, Адамның кінәсі.

***

Қылмыскер,

Кісіден қорықпағанмен, Ісінен қорқады.

***

Аярдың сырты сыпайы, Іші тұрпайы.

***

Адалды адал қолдайды, Адам қорғайды. Аяр қорлайды.

***

Бақмасыл мұңдануды білмейді, Бұлдануды біледі.

***

Қарт қадірін білмеген Ат қадірін біле ме?!

 

***

Ақын болатын бала Атқа әуес. Әкім болатын бала Таққа әуес.

***

Тура би тура тартады,

Туғанды би қуға тартады.

***

Білімді білмегенді Білдіріп тұрады.

Білімсіз білімдіні

Бүлдіріп тынады.

***

Көргенсізге

Көз жасың да күлкілі.

***

Өзіңдікі өзіне

Аздай көрінеді,

Біреудің тауығы

Біреуге қаздай қөрінеді.

***

Төмен қарап жүргеннің

Түкіргені білінбес,

Берекесіз ауылдың Күтінгені білінбес.

***

Дәлдір көбейсе, Данышпан далада қалады.

***

Зобалаң зорлықтан туады. Өлім қорлықтан туады.

***

Шермішке де шен керек.

***

Аярдың күн көрісі де, Қорғанысы да – арсыздық.

***

Аяр арбаса, Бүркітке де

Боқ шоқытады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *