Темірхан Медетбек
(1945)
Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
***
— Жұрттың қалай екенін қайдам, мен үшін адамгершілік, ар-ождан экологиясы барлық экологиялардың түп-тамыры, түпқазығы сияқты.
Өйткені адмагершілік, ар-ождан экологиясы тазармай, сол экология сауықпайды деп білем… олардың орнын бойкүйездіктің батпағы мен немкеттіліктің ақ сортаң топырағы жайлап бара ма деп қорқам.
***
— Не болғанда да, қазір адыраңдаған «оңбаған» деген сөздер сөбейіп, жайраңдаған «айналайын» деген сөздер азайып, тартылып барады.
***
— Заман мен уақыттың кесек-кесек сөздерімен сөйлеп тұрған қадірлі кабинеттер бар.
***
— Иә, өлең деген қызық қой. Сол нәрсеге де сергек, ояу!
***
— Иранбектің баласы, маңдайындағы жалғыз ұлы қайтыс болыпты. Ауыр қаза. Бірден үйіне бардым. Бүкіл үй-іші еңіреп тұр екен. Жылап жібердім!
***
— Дүкенге анда-санда бірдеңе түсе қалса, сол жерде адамдар тізбегінен ұзыннан-ұзақ шұбалып, денесі толқып шиыршық атқан алып айдаһар пайда болады.
***
— Махамбет қазақ халқының ашу-ызасынан, кек пен намысынан жаратылған.
***
— Рухты ел ғана ешкімге кеудесін бастырмайды, жағасынан алдырмайды!
***
Рухты ел қарағайға біткен бұтақтан қайратты!
Рухты ел еменнің иір бұтағындай берік!
Рухты ел найзағай бұтақтарындай жалт!
Рухты ел бөркін шың басындағы бұлттай оқшырайтып киетін асқақ!
***
— Алтынан соқса да бұғаудың аты бұғау!