Серікбай Оспанұлы

Серікбай Оспанұлы

(1945) Ақын, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,

Қостанай мемлекекттік педагогикалық институтының профессоры

 

***

Теледидар ойсыздыққа,

Кітап даналыққа бастайды.

***

Оқу оздырады

***

Білімді адам – қуатты да, шуақты да болады.

***

Ілігіңе емес, білігіңе сен.

***

Көкірегі күңгіртті күннің көзі сәулелендіріп, көктетіп, көгерте алмайды.

***

Ақылсыз қыздың ажары – соры.

***

Әркім өзіне лайық іс істейді

***

Жылан ешкімді шақпайды, Тиіссе тыныш жатпайды.

***

Адамның бір-бірімен түсінісуі тілінде емес, жүрегінде. Бір тілде сөйлесіп тұрып бірін-бірі ұқпайтындар көп.

***

Адамның бәрі бірдей емес. Қуануды, қайғыруды білмейтін қуыршақтардың ғана бәрі бірдей.

*** Өмірдің тәттілігі – мәні мен қысқалығында.

*** Өмірге келген күнің болған соң кететін күніңнің де болатыны ақиқат.

***

Жаяуға көлік, қайықтыға өзен болса, өмірдің қызығы да болмас еді.

*** Мейірімді оятатын – мейірім.

***

Баланың тәттіге құмарлығынан үлкендердің тәттіге құмарлығы қауіптірек.

***

Ананың махаббатына тең келер өлшем жоқ, Отан – ұлы Анаң!

***

Табиғат – тағылым

***

Уақыттың қамбасын толтыру адамның міндетінде

***

Ойлы адам – бірнеше адам, Ойсыз адам – ешкім де емес!

***

Қисық-қисық болып бұралып өскен қайыңды «биші» дейміз, ол еріккеннен «билеп» тұрған жоқ қой…

***

Бір түндік қызық үшін өсіп тұрған жасыл шыршаны кесіп алатынымыз-ай…

***

Аспан жұлдыздарын көпсінбейді.

***

Еменді шулататын да, жылататын да жапырағы.

***

Өзіңе өзің сенбесең, Өзгеге қалай сенесің? Өзіңді өзің жеңбесең,

Өзгені қалай жеңесің?

***

Өмірдің парқы мен нарқын білгеннің бақыты баянды.

***

Бесікті тербететін сен, Ержететін ертеңің.

***

Қыспен мұз ғана жылап қоштасады.

***

Адам қараңғыдан қорқады.

***

Өтірікшінің шындығы да жасқаншақ.

***

Мейірімдіден салқындық қашады.

***

Толқыны асау тереңнен кейде адамға тайыз қауіптірек.

***

Мақсаты көпке уақыт жетпейді, Мақсаты жоққа уақыт өтпейді.

***

Мінезің жаман болса, — жауың,

Жақсы болса, — бақша-бауың.

***

Сөз – жанның ауа-райы.

***

Өркеніңе сенгенің – Ертеңіңе сенгенің.

***

Егіннің толқындары – Өмірдің толқындары.

***

Шындық шырайландырады,

Өтірік өкінтеді.

***

Шариғат – сабақ, Табиғат – тамақ.

***

Өзі өтірікші өзге түгілі Өзіне де сенбейді.

***

Жалқаудың жаны мүгедек

***

Талантты талап шыңдайды.

***

Еліңнің де,

Еріңнің де

Еңсесінің биіктігі –

Болашығына сенімінде.

 

***

Сөзден ой көп

*** Көз – көңілдің тілі

***

Гүлге де күн түседі,

Күлге де күн түседі.

***

Құдығы бірдің күдігі бір

***

Адалдық адастырмайды,

Жалғандық жанастырмайды.

***

Сөз бен сөздің арасын Қабілеттілік жалғайды.

Ел мен елдің арасын

Әділеттілік жалғайды.

***

Үлкеннен именбеген Кішіні кісі демес.

***

Ақынды өлімнен өлеңі арашалайды, Шеберді өнері арашалайды.

***

Құланның жабысып кене төсіне,

Қыранның да шыбын қонады басына.

***

Егер         басқаларға          жарығың          түспесе,          көк          төсінде          жұлдыз болғаныңның керегі не?!

*** Ізгілік, Мейірім жазылған жүрегім – қызыл кітабым.

***

Қарғаның жемі – қара қи, Қыранның жемі – аспанда.

***

Аққудың Отаны – айдыны, Бақаның Отаны – батпағы.

***

Ойланып сөйлеген опық жемейді.

***

Адалдың дұшпаны – арамдық,

Наданның дұшпаны өзі

*** Иман тіліңде ғана емес, Жүргіңде болсын.

***

Қайырымдыдан қайғы қашады.

***

Елдің ұлы бола алмасаң, Ақындықтың да,

Әкімдіктің де құны жоқ.

***

Соғыстың, небір бүліктің бастауы – асып-тасуда.

*** Өмірде мігітке орын жоқ, жігіттің орны – асқарда.

***

Бұлт пен тұман күннің көзін жабуға неге құштар?

***

Даңқың күнмен теңессе де Халқыңнан биік емессің.


***

Ұлт қамы мен Ұлан қамынан биік мақсат жоқ.

***

Даналықтың бастауы – терең әрі кемел ой.

***

Немқұрайлылық пен салғырттық – мәңгүрттікке бастайды.

***

Қатардан қалмау дұрыс та шығар, тоғышарлыққа жетелеп жүрмесе. Озғанғане жетсін.

***

Шыбықты шынықтыратын дауыл

***

Өсек-аяң дегендегі

Өсек – өтірік, Аяң – көпірік.

***

Кітабы жоқ үй бұтағы жоқ ағаш сияқты.

***

Адамзаттың қуат-күші – болашаққа деген сенімінде.

***

Күннің көзі өзін жапқан қара бұлттарды да арайландырып жібереді.

***

Көз де сөйлейді

***

Өзіңнің жансарайыңды тазартып алмай тұрып өзгенің жансарайын тазарта алмайсың.

 

 

***

Табиғатта жасандылық жоқ

***

 

Алматы-биіктігіміз, Астана-кеңдігіміз. Еліміздің еңсесі биік болуы екеуіне байланысты.

                                  ***                            

Асқақтық Алатауға ғана жарасады

***

Шыдам шыңға шығарады

***

Бірлікке ұйыспағанды Ұйыстыратын қара жер. Тірлікте сиыспағанды

Сиыстыратын қара жер.

Адамның жауы – адам.

***

Күн– көз, Ай – айна

***

Жастық пен қарттықтың, өмір мен өлімнің арасы қандай жақын?!

***

Іні болу оңай, үлкендік үлкен міндет жүктейді.

***

Адамның ісіне айыптап қарағаннан байыптап қараған дұрыс-ау…

***

Ән-күймен армандарын жыр еткендер де, мәңгілікке аты өшпей қалған дарын иелері де бәрін табиғаттан көшіріп алған.

***

Ел қамын жеп мұңайған кісінің мұңы қарын қамын ойлайтындардың бақытынан артық.

***

Күлген аспан жылай да алады.

***

Ең ауыр жол бейітке апаратын жол.

***

Бір тамшы су – қарлығаштың көңілі, бір тамшы у адам өлтіреді.

***

Барлық тілде сөлейтін ән мен күй ғана.

***

Зағип көзі – көкірегінде, саусағы мен таяғының ұшында.

***

 

Орманды кейде өзінің шырпысы өртейді, өз ағашы сап болған балта шабады,

***

Жылусыз сұлулық өрттен де қауіпті.

***

Күзде сарғайып, ағаштан ажыраған жапырақтардың тағдыры желдің қолында.

***

Гүлдің соры әдемілігі.

***

Уақыттың қолынан қартайту келгенімен жасарту келмейді.

***

Ата-анаңның аты-жөні жазылып, суреттері қашалған таста жылу жоқ деу қиын.

***

Қатты ағаш тез жанып кетеді, қызуы мол, күлі аз.

***

Уақыт шегінбейді. Уақытты бір сәтке шегіндіре алатын бірге оқып, бірге өскен достарың ғана.

***

Қазақ үшін жердің жүрегін қозғап, соқтыратын тұлпардың тұяғы.

***

Жаныңның жаңбыры – көз жасың мен асыл сөз.

***

Арман орындалмағанмен биіктерге бастайды.

*** Алтын болса бір тісі, Өзгереді күлкісі.

***

Күн батқанда Ай жарық, Айсыз түнде жұлдыздар сәулелі.

***

Адал құстар мен аңды атып жейміз де, арамдар неге көбейтіп кетті дейміз. Аққудан қарға, қаздан құзғын көп.

***

Өмір-пойыз, әр адам жолаушы, әр адам жолсерік.

***

Көңілдің күзі мен қысы болмайды, Гүлі солмайды.

***

Тас кереңнің тас кереңі, соқырдың соқыры дерт пен өрт.

***

Шаңырағы – аспан, көкжиегі – кереге елдің көңілі кең болмауы мүмкін емес.

 

***

Көбелек отқа ұмтылады,

Көк шыбын боққа ұмтылады.

***

Шашыңды жасырғаныңмен,

Жасыңды жасыра алмайсың.

***

Табиғатты ұққаның-

Шариғатты ұққаның.

***

Ақшасы бар аспанға қарайды,

Ақшасы жоқ жасқана қарайды.

***

Ақша ақымаққа абырой әпермейді.

***

Саңырау ерінге қарайды.

Біреудің көкірегі – төр, Біреудің көкірегі – көр.

***

Көз – оқ, әрі мейрім, Сөз – от, әрі пейілің.

Күйінгенде жалын атады,  Сүйінгенде жадыратады.

***

Дәрі тәніңді,

Жақсы сөз жаныңды емдейді.

***

Еңсесіз ел де,

Ер де болмайды.

***

Адамның жаны — кейде мұрнының, кейде иненің ұшында.

***

Тажалдан шегінгеніңмен,

Ажалдан шегіне алмайсың.

***

Жаныңа жарың ілессе, жарыңның жанарына жарық ілессін.

***

Сәбилердің бәрі – ақын, ақындардың бәрі – сәби.

***

Күлкі торға түсіреді, Ашу орға жығады.

***

Мансапқорлық жаман емес, ішіп-жеуді ғана аңсамаса, Байлық жаман емес, жемқорлық жасамаса.

***

Гүлді жел түрткенімен оятатын таң.

***

Адам биіктік пен кеңдікке, Әділеттілік пен теңдікке Арқа сүйейді.

***

Байқаңызшы, ағасы-ау,

Бейтаныс жердің бәрі асау.

***

Бірін-бірі ұға алғандардың бәрі ағайын, Ұға алмағандардың бәрі бейтаныс, жамағайын.

***

Көз өртегенді Сөз сөндіре алады.

Сөз өртегенді

Көз сөндіре алмайды.

***

Махаббат, шаттық – жан емі, Сұлулық пен байлық – Адамның ішкі әлемі.

***

Аурудан сақтайтын – тән тазалығы, Әлемді сақтайтын – жан тазалығы.

***

Мәнділік пен Мәңгілік, Сенім мен Сергектік, Ырыс пен Жұмыс бір туысқан, бірінсіз бірі бола бермейді.

***

Тойы – қалада, Ойы – ауылда.

***

Дүниенің кірі Аналардың көз жасымен жуылады.

***

Жүрегінде нұры барға не жетсін, Көңілінде күні барға не жетсін?!

***

Мына әлемге барша адам аналардың көзімен қараса ғой…

***

Жиі тазартып тұрмасаң Далаң да сасиды,

Санаң да сасиды.

***

Орағытып сөйлеу ойды шашыратады.

***

Сәбилер салған суреттерге жан бітсе ғой…

***

Біреудің қуанышын өзіңнің қуанышыңдай сезініп шаттана білу – жан емі, тазалығыңның дәлелі!

***

Өзен жарындағы қарлығыштар ұясы қаланың көп үйлерін еске түсіреді.

Жақындасаң, сағынған туған-туыстарың сияқты ұяларынан атып шығып сені аймалай, аялай айналып ұшады…

***

Бұрын балаққа жармасатындар Қазір балаңа жармасатын болған.

***

Көк төсінде зулап аққан ұшақ соңында аппақ болып із қалатынын бала кезімізден көріп өстік, өнегедей екен ғой…

«Итке темір не керек?!» — деуші едік, қазір иттерге де орден, медаль беретін болдық қой…

***

Айып болып па жылаған,

Бақыт қой жылай алған да!

***

Тоғызыншы Мамыр – қайғы-қасіреттіеске түсіргенімен тажалдардың сазайын тарттырып, туған елдің айбынын арттырған күн.

***

Арамдық шаршатады, Адалдық аңсатады.

***

Көз жасы дейміз, көзден жас шыққанымен жылайтын жаның ғой.

***

Өмірде жылай алмайтын адамдар болады дейді. Өз басым бұған сене алмаймын. Олардың жаны ауырғанымен көздерінен жас шықпайтын болар?

***

Туған жердің суы да бал.

***

Талмайтын, Не бір биіктерге самғайтын – ой.

***

Бүкіл елді серпілтіп, жан баурайтын, тебірентіп, қайғы – қасіретті де ұмыттырып жіберетін қасиетті сөз – Жеңіс!

***

 

Кейбір пендеден қасыңнан қалмайтын көлеңкең артық.

***

Адамды өз көлеңкесі де оздыра бермейді.

***

Құлқын қамын ұлт қамынан биік қоятындар бар-ау.

***

Көктемде тас жарығынан қылтиып сығалған Үміт тасты қалай да бұзып – жарып шығады.

***

Ақыл айту оңай, өнеге көрсету қиын.

***

Арақ бір күн секіртеді, Жүз күн өкінтеді.

***

Шын сүйген жар күйеуінің көлеңкесін де сағынады.

***

Келіскенге – өріс кең,

Көріскенге – дала тар.

***

Мылтықтың тілі – оғында, Сексеуіл тілі – шоғында.

***

Ағаштың тамыры топырақтан нәр жинау үшін ғана емес, жерден мықтап ұстап тұру үшін де керек.

***

Ауыздықсыз болса ауыз — Өзіне-өзі жауыз.

***

Кірді әркім өз тырнағының астынан іздеуі керек.

***

 

Сүймеген жанның сүйеу болуы қиын.

***

Өнеге көрген өрге шығар

***

Сүйе білмеген сағына да білмейді.

***

Егеменді еліміздің өркені де, ертеңі де, алға апарар желкені де – жастар!

***

Тағырға намысын таптатпаған –

Елдің қамын ойлаған адам -мақсатты Адам!

***

 

Мың руға, бөлінсең де жүз Жүзге, Халық айтқан – ортақ Ай мен күн бізге!

***

Байлығың – байыптай алуың, Жарлының- жан баққаныңда!

***

Сорлылық – іштарлығың мен көрсоқыр көре алмауыңда!

***

Адалдыққа жетпейді ештеңе де, Арамдыққа батады ақшаға құл!

*** Сөзге түсінбегенді ізгі іспен ұқтыр.

***

Бір шылыққа батпай тұрып

Өмірге

Құлшылыққа келгеніңді ұмытпа!

Жарылқайды қолдап, қорғап алла өзі Жан-тәнімен шын берілген пендесін!

***

Исламда – жомарттың,

Бауырмалдық, қайырым.

***

Қайырым жоғалса, Арсыздық асқақтайды.

***

Байлық пен баққа, атақ пен даңққа үмітпен де, күдікпен де қараған дұрыс-ау.

***

Ауылдың тұрмысы-адамына, өмірдің мәнділігі мен сәнділігі – әр басқан қадамыңа байланысты.

***

Қазақтың, есероқтық ез етеді, даңқ дақпыртпен келмейді, келсе тез кетеді.

***

Күн – әлемнің жанары.

***

Ешкімге ешкім ақылды өлшеп бермейді, Бауыр – бөлшектелмейді.

***

Елім деп еміренбейтін,

Жерім деп тебіренбейтіндер көбейіп барады.

***

Арамзалар арыңа тигенде ашынған да, торқалы тойда шашылған да дұрыс шығар, басынған жаман.

***

Таршылықта талқан – тағың, Ботқа – бағың.

***

Ұлт тағдыры ұранмен шешілмейді.

***

Иілу – құлдық па әлде ізет пе, ол кімнің алдында еңкейгеніңе байланысты.

***

Тұлпардың тұяғында да рух бар.

***

Өмірге адам неге жылап келеді екен?

***

Жанашыр дос – жаны асыл дос.

***

Қыс ұзаса – жұт,

Наурыз туса – құт.

***

Қаңтар тарылтар,

Наурыз жарылқар.

***

Наурыз күні күліп тұрар –

Қайғы – мұңды ұмыттырар.

***

Ақпан күдікті.

Наурыз үмітті.

***

Елді рухани ашаршылық кезіп жүр.

***

Наурыз туса, ағаш ек. Табиғатты тамаша ет.

***

Наурыз келсе, гүл шығар, Өмірге адам құлшынар.

***

Аударылғанда қайығым

Қайда жүр едің, Қайырым?!

***

Тағдырдың да табаны тайғанақ-ау деймін….

***

Кімнің кім екені сөзінен сезіледі, көзінен көрінеді.

***

Елестің өзі – ойдағың, Жан біткенді жатсынба!

***

Дарындылық керек, дарындығы аспайтын, таспайтын сабырлық керек!

***

Үгіт те, үміт те жақсы, екеуінен де үлгі артық.

***

Болсаң егер сабырлы – Ашатын сол бағыңды!

***

Іштарлықты құштарлық женеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *