Сатиралық сөздер
Екі көз бірін-бірі көре алады Айнаға қараса.
Екі көз бірін-бірі көре алады пайдаға қараса!
Тілді ұстарта да біл, Қысқарта да біл!
***
Тілің ұзын болса – жауыз, Оны қамап ұстайтын –ауыз.
***
Кредит алсаң үйге пайда кіреді, Қайтара алмасаң,
Артыңа найза кіреді.
***
Басына абай бол,
Ойлануды қалайды ол!
***
«Иттен» құтылар едік,
Биттен қалай құтыламыз?
***
Көшкенбіз – Қазір қоныс жаңа.
Өскенбіз –
Бата береміз орысша да!
***
Арын сатқан айыпталмайды, Тәнін сатқан айыпталады.
***
— Наурызда еккен шыбығым өсіп келеді,
— Асықпа, қаңтар келіп кесіп береді.
***
Бір тал шырпы жарқ етіп кетті жанып,
Темекі жатыр күлсалғышта бықсып жанып….
***
Екі астана болғалы Маңдайда «бақыт» қонғаны: Алматыда отбасым – Отаным, тұрады, Астанада тоқалым тұрады.
***
Аларда пенде қарызды
Бейне маймыл тәрізді – Алдыңа кеп билейді…
Берерде қолы тимейді.
***
Ит – тіршілік тарта-тарта етектен, Әйелдер – көп,
Боп барады еркек кем.
***
Әкетпейді қайда алып Тойып алсан араққа?! Кетеді екен айналып Екі қолын да аяққа!
***
Қазір Шыбыш бақылайды, Теке мақұлдайды.