ПЫШАҚ ЖҮЗІНДЕЙ ӨТКІР СӨЗДЕР!
-Қарапайым адамдарсыз ұлы адамдар болмайды.
-Жалаңаш адам ештеңе жоғалтпайды.
-Мәжбүрлейтін жерде тәртіп пен ережелер болмайды.
-Білмегенді сұрау — бір сәтке ұят, ал білмеу — өмір бойына ұят.
-Мінсізтүзу ағаш сирек кездесетіні сияқты, адал адам да сирек кездеседі.
-Ерлі-зайыптылар бір дененің қолдары мен көздері сияқты болуы керек. Себебі қол ауырғанда көз жылайды, көз жылағанда қол сүртеді.
-Жапырақтар батып, тастар қалқып шығатын кез де болады.
— Алыс жол бір қадамнан басталады.
-Ақымақтықтан қауіпті жау болмайды.
-Кетіп бара жатқан адамды ұстама, ал келе жатқан адамды қуып жіберме.
-Мұхиттар мен теңіздер кішігірім өзендер мен бұлақтарды жатсынбайтындығымен ұлы болады.
-Азап пен қайғыны жыртылған киімді шешкендей тезірек тастап үйрен.
-Жатқан адам ешқашан сүрінбейді.
-Сәл иілуден қорықпа, тіптен түзеліп тұруды үйренесің.
-Қарсыласына қарағанда жарты сағатқа кім артық төзсе жеңіс соған келеді.
-Күн — жаман мен жақсы деп ажыратпай барлығына жылу шашады. Өзін тапқан адам да күн сияқты болады.
-Күлкі мен қуанышқа толы үйге әрқашан бақыт өзі келеді.
-Күлімсіреген бетке ешкім жебе қадай алмайды.
-Көңілді адам кедергілерді оңай жеңеді.
-Қабілетсіз адам мнсіз дүние жасай алмайды.
-Салқын шай мен тамаққа төзуге болады, бірақ салқын қабақ пен қатынасқа төзу қиын.
-Проблеманы шешуге болатын болса, алаңдап қажеті жоқ, ал егер проблеманы шешу мүмкін емес болса оған алаңдаудың мәні жоқ.
-Ақымақ қателіктерінен құтылуға тырысады, ал ақылды адам қателіктерін түзетуге тырысады.
-Дән піскенде басы иіледі, ал адам байыған кезде басын кегжитеді.
-Әйел адам қаласа тау мен тасты бұза алатын күшке ие болады.
-Үндемейтін адамның жанында абай бол!
Амантай Тойшыбайұлы.