КӨНБІСТІК

КӨНБІСТІК – адамның іс-әреке- тінде, тіршілігінде кездесетін әртүр- лі қиыншылықтарға төзімділігі мен шыдамдылығын білдіретін мінез бі- тісі. К. адам мінезінің жотасы болып табылатын ерік-жігер қасиетінің қайсарлығын да білдіретін ерекше- лігі болып саналады. К. мінездің сан алуан ерекшеліктерінің сипат-қа- сиеттерінен де айқын байқалады. Он- дай қасиеттер тілімізде тіл алғыш, орындағыш, көнгіш, көнбіс, қиын- дыққа шыдау, жуасу, мойынсұну, сенгіш сияқты деп атала береді. К. ерекшелік тек мінез сипаттары ғана емес, адам тәнінің де шыдамдылы- ғын білдіретін қасиеттерін де бей- нелейді. «Біздің қол ыстық-суықты көп көріп, көнбіс болған ғой (Жармағамбетов)». К. ерекшелік Абай туын- дыларында: «Кейде паң, кейде көн- гіш орныменен, Кейде елеусіз, кей- де ынтық формаменен» деген өлең шумағында анықталады.

Қиыншылық К. шыдау, үйрену жа- йында С.Мұқанов шығармасында мынадай үзінді бар: «Соңғы бірер жылда ұмытып бара жатқан орыс қа- ласының тұрмысына мен қайта көн- діге бастадым». «Алғашқы күндер- де талай нәрсеге көндіге білу керек (Әуезов)». К. ауыспалы мағынада жуасу, мойынсұну сияқты мінездегі өзгеріс  ерекшеліктерін білдіреді.

«Ақтай мойнын ішіне алып,  мөңкіді

… кейіннен көндігіп, шаба жөнелді (Әуезов)». К. мінез көрінісі ретінде келісімге келтіру, мойынсұндыру, сен- діру сияқты сипаттарды да білдіре- ді. «Ол қасындағы жігіттерді ерік- сіз көндіріп бұлтартпай қойды (Мү- сірепов)».

К. мінез ерекшелігі ретінде сыпайы- лық пен кішіпейілділік сияқты қа- сиеттерді білдіруі ұнамды сипат деп саналғанымен, оның ұнамсыз жағы да бар. Ол ынжықтық пен К. құлдық, үнемі біреуге бағыныштылықты да білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда адам мінезіндегі ар-намысты оятып, бойындағы ерік-жігерді ояту керек болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *