КӨЛГІРЛІК

КӨЛГІРЛІК – мінездегі былайғы адамдарға ұнамайтын мінез сипаты. К. бір нәрсені біліп тұрып білмеген- дік, мүләйімсушілік. К. білген нәр- сені әдейі білмегенсіп сиқырлануды да білдіретін мінез қатпарларының жасырын  сыры  деуге  де болады.

«Көлгірленбе енді деді – Досбол (Ақынжанов)». К. мінез ерекшелігі ретінде сықақ, кекесін, сайқал, мүлә- йімсу сияқты көріністерді де атай береді. Бұл ерекшеліктер К.-тің сан қилы түрлері арқылы адам мінезінде жиі кездесетінін білдірумен бірге адамның  даралық психологиясының аса күрделі болатындығын дәлелдей түседі. «Жапар жәй ғана езу тартты. Күлімсіреген жүзінде күлкіден көл- гірлік басым еді, қалжыңмен бүркеп, білдірмей жіберді (Мұстафин)». К- тің тағы бір ерекшелігі кішіпейілсу. Бұл ерекшеліктен адамның білдірмек болған ой-пікірі мен шынайы іс- әрекетін былайғы жұрттан жасырып, көңілінде құпия ұстауды білдіреді. К. адамның жан дүниесінің қилы- қилы сырлары мен құпиялары ашық- жарқын түрде сыртқа шықпай іште сақталатынын көрсетеді. Бұл орайда К.-тің сиқырлы сырларының мән- жайын терең түсіну оңайға түспейді. Сөйлеушінің сыры іште құпия бо- лып қала береді. К-тегі сықақ пен кекесін сөздердің сыры да сондай. Ондай жайттардың мән-жайын ай- қын түсіну үшін адамның терең ойы мен сезімталдығын қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *