КӨЗ АККОМОДАЦИЯСЫ (көздің жаттығуы) – көз бұршағы дөңестігі- нің өзгеруі арқылы көздің әр түрлі қашықтықтағы заттарды анық көру қабілеті. Мыс: жақындағы затты көргенде көз бұршағының дөңестігі артады. Аккомодация кезінде бұр- шақтың алдыңғы дөңестігі 10-нан 6 мм-ге, ал артқы дөңестігі 6-дан 5,5 мм-ге дейін өзгере алатыны есептел- ген. Көздің қозғалысы – көру ана- лизаторының, ондағы ұзақта, жақын- да қозғалып немесе жылжып бара жатқан нәрселерді көріп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 – қиғаш, 4 – тура) бұлшық еттердің жәрдемімен тура сыртқа (42ä), ішке (45 ä), жоғары (54 ä), төмен (57 ä) қозғалады. Көздің өткірлігі – көру бұрышы бір минутқа тең болған жағ- дайда, көздің екі нүктені жеке-же- ке көру қабілеті. Көздің ең өткір жері сары дақ аймағы. Көз өткірлігін арна- йы сандар немесе сөздер жазылған кес- тені пайдалану арқылы анықтайды.