КОНВЕРГЕНЦИЯ – лат. конверге- ре деген сөзі, қаз. жақындату деген мағынаны білдіреді. Қашықтықпен заттардың көлемін қабылдауда көз- дің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әре- кет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда бай- қалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенцияда сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. К. – 1.Көру психологиясында өте жақындағы затты көру үшін оның білігін (осін) екі көздің ішкі бұл- шық еттерінің жәрдемімен жақын- дату кезіндегі екі көздің көру жолы- ның бір нүктеде түйісуі. Орталық жүйке жүйесіне келетін қозу аралық нейрондарда қосылып кетуін конвер- генциялық принцип деп атайды; 2.Ой- лау психологиясында ойлаудың тә- сілдерінің бірі.