КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ –медициналық психологияның ауру- лардың пайда болуы мен барысының психикалық факторларын, аурулар- дың тұлғаға ықпалын, емдік, шипа- лық ықпал әсердің психологиялық аспектілерін зерттейтін саласы.
Клиникалық психологияның мақса- тымен міндеттері психиатриялық, неврологиялық, соматикалық клини- каның практикалық қажетсінуле- рімен анықталады. Осыған сәйкес, К.п. патопсихология, нейропсихоло- гия, соматопсихология проблемала- рының тобына тұлғаны зерттеу, нев- рологиялық және психикалық ауру- ларға жатпайтын әр түрлі аурулар- мен ауырған науқастардың диагнос- тикасының, емдеудің, сараптаудың психологиялық мәселелері қамты- лады.
Соматопсихологияда психосоматика- лық кінәраттары – шығуы мен өтуі барысында психикалық факторлар жетекші орын алатын ішкі аурулар- мен (мыс. Гипертониялық аурулар, бронх демікпесі, созылмалы коро- нарлық жетімсіздік және т.б.) ауыра- тын ауруларды зерттеудің ерекше маңызы бар. Клиникалық психологияның пато-, нейро-, және стоматопси- хология болып бөлінуі өте шартты түрде және аурулардың дәстүрлі медициналық топтастырылуын бей- нелейді.
К.п. салалары зерттеу міндеттері, қолданылатын әдістері арқасында, сондай-ақ клиникалық психология- ның бірнеше тарауының зерттеу пә- ні болып табылатын шекаралық па- тологияның болуымен байланысты бір-бірімен жақындайды. Клиника- лық патологияның теориялық және қолданбалы мән-маңызы диагнос- тикалық және сараптамалық жұмыс- ты жетілдіру, емдеу шараларының психологиялық әлеуетін күшейту, ау- рулардың өзара қарым-қатынаста- рын зерттеу, емдеу мекемелері қыз- меткерлерінің жұмысын ұйымдас- тыру және клиникалардың емдік ор- тасын оңтайландыру, емдеудің нәти- желігін және оң нәтижелерінің ұзақ- тығын арттыру, науқастардың ауру барысындағы пайда болған тұлға- лық өзгерістерін түзеу мәселелерін шешуде жан-жақты ашылады. Шетел- дерде, атап айтқанда, АҚШ-та кли- никалық психологияның көлемі «ме- дициналық психология» ұғымының мазмұнына сәйкес келеді.