КЛИЕНТ ПСИХОЛОГИЯСЫ —қандай да бір мәселені шешу үшін кәсіби психологтан кеңес алуға кел- ген адам. К.-ті вербалды қолдау – психологиялық кеңес жүргізіп жат- қан уақытта, клиентті психолог-ке- ңесшімен бірлесіп белсенді жұмыс істеуіне ықпал ететін сөйлеу әдісі; клиенттегі психологиялық күйзеліс- терді, әсіресе оны ашық әңгімеге тартқанда психолог-кеңесшінің түр- лі сөздер мен сөйлемдерді қолда- нуы. К. әрекетінің базистік мотива- циясы – клиенттің алдына қойған мақсаттарына жету үшін, психология- лық кеңес кезінде алынған ақылды іс жүзіне асыру үшін мотивация- лауға және стимул беруге болатын клиенттің қызығушылықтары мен қажеттіліктері. К-ке көмек – клиент өздігінше кеңес кезіндегі алған ұсы- ныстарды орындауды бастағанда психолог-кеңесшінің беретін көмегі. К-ке оперативті көмек – кеңестен жылдам нәтижелі жетістікке үміттен- діретін психолог-кеңесшінің клиентке көрсететін кезектегі шұғыл көмегі. К. қылығының альтернативті әдісте- рі – клиенттің мәселесін іс жүзінде шешуге байланысты, оның түрлі, си- рек, қарама-қайшы келетін қылығы. К-тің максимализмі – клиенттің өзін өнегелі адам етуге, барлық кемшілік- терінен арылуға, өте аз күш пен уа- қыт жұмсап, өзі үшін жағымды нәтижелерге жетуге ұмтылыстары мен тілектері. К-тің – Мен бейнесі – клиенттің өзі туралы, өзінің психо- логиялық ерекшеліктері туралы тү- сінігі (елесі). К-тің мнемикалық мә- селесінің даралық ерекшелігі – нақ- ты клиентпен жұмыс істеуде оның есімен (жадысымен) байланысты ар- найы және жекелік ерекшеліктердің күрделілігі. К. мәселесін уақытша шешу – клиентті толғандырған мә- селенің өзектілігін тек аз уақытқа ға- на шешу, бірақ ол мәселені толық шешпейді және оның келешекте қай- таланбауына немесе туындамауы- на кепілдік берілмейді.
К-тің мәселесін шешуге конструк- тивті қатынас – психолог-кеңесшінің клиентті мәселелі уайымнан құтқару ғана емес, сондай-ақ клиенттің энер- гиясын сақтап немесе ұлғайтып, оларды мәселені шешуге (конструк- тивті ағымға) бағыттауға әрекеті. К- тің өзіне сенімсіздігі – клиенттің өз өмірінің мәселелерін нәтижелі ше- шуіне, өз күшіне және мүмкіндікте- ріне сенімділіктің жоқтығымен си- патталады. К-тің тәубеге келуі – клиент- тің тәубеге келу барысындағы психо- лог-кеңесші қойған сұрақтарына жа- уап беріп отыру арқылы өз мәселе- сін егжей-тегжейлі әңгімелеуі. К-тің тәубеге келгенін интерпретациялау клиент мәселесінің психологиялық мәнін және оның туындау себебін анықтау үшін, сондай-ақ іс жүзінде бұл мәселенің тиімді шешімін табу үшін психолог-кеңесшінің клиент- пен бірге, оның тәубеге келіп айтқан әңгімесін саралап талдау.
Қандай да бір ғылыми теорияға бағ- дарланып, оның толық емес және біржақты екенін аңғармай клиентте пайда болған мәселенің шешімін тәубеге келуін интерпретациялау- дағы психолог-кеңесшінің қатесі. Мұ- ның нәтижесінде клиенттің мәселесі және оны шешу жолдары туралы психолог-кеңесшінің қорытындыла- ры толық емес және біржақты бола- ды. К-тің тұлғалығын зерттеу – психолог-кеңесшінің клиентті тұлға ретінде даралық ерекшеліктерін анықтау мақсатымен психодиагнос- тикалық зерттеулері, мұндай зерт- теулер клиенттің кеңес алуға мәсе- лелі өтінішін терең түсіну үшін жүр- гізіледі.
К.-тің тұлғалығын зерттеу – клиент- тің санасына мәселенің мәнін жет- кізу үшін және өзінің белсенді қа- тысуымен мәселені нәтижелі шешу жолын табу үшін қажет. Психология- лық кеңесте тек қызмет бабымен қол- данылатын арнайы картотекалар бо- лады. Бұл картотекаға клиент туралы мәліметтер (кеңеске кім, қашан, қандай мәселемен келгені туралы, кеңес- ті кім жүргізгені, оны шешу үшін қандай ұсыныстар берілгені, беріл- ген ұсыныстардың клиенттің іс жү- зіне асыру тиімділігі және тағы бас- қа) енгізіледі.