КИНЕСТЕЗИЯ – грек сөзі, қаз. қозғалыс түйсігі деген мағынаны білдіреді. К-лық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қал- пын, қозғалысын білдіреді. К-лық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторла- ры – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйке- лердің ұштары. Адамның қозғалыс- қа түсетін мүшелерінің барлығы да осы түйсікке сүйенеді.