КЕҢІСТІК  ПЕН  УАҚЫТТЫ ҚАБЫЛДАУ

КЕҢІСТІК  ПЕН  УАҚЫТТЫ ҚАБЫЛДАУ – кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары. «Әлбетте, деп жазды Ф.Энгельс, материяның өмір сү- руінің бұл екі формасы материясыз түк емес, тек өзіміздің ойымыздағы бос түсініктер, абстракциялар ғана». Кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүреді деу бұл идеализм тұр- ғысына көшу болып табылады. Ке- ңістіктегі объектілерді қабылдау өте күрделі процесс. Тек адамның нақ- тылы тәжірибесі арқылы ғана кеңі- тікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашық- тығын, бет алысын, көлемін, релье- фін, бағдарын және формасын қа- былдау арқылы ғана кеңістікті дұ- рыс қабылдайды. Дүниедегі заттар- дың барлығы да кеңістікке орналас- қан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т.б,) болады. Сондай-ақ олар бізден  түрлі  қашықтықта тұрады.

Кеңістікке орналасқан заттардың кө- лемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор.

Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұ- мып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екені- нен де байқауға болады. Бинокуляр- лық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге ай- налады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып көрінуі маңызды рөл атқарады. Екі көзбен көруде түрлі заттардың тұта- сып көрінуі оның қашықтығы мен қоршауын, шамасы мен түсін, релье- фін жан-жақты қабылдауға мүмкін- дік туғызады. Қашықтық пен зат- тардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің кө- рілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жа- қындағы нәрсені ажыратуда байқала- ды. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жа- қын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді.

Көздің түрлі қашықтықтағы заттар- ды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Көздің ак- комадациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттар- ды көргенде жиырылады да, алыста- ғы заттарға қарағанда ашыла түседі. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда кө- ру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеу- де көру-қозғалыс қабылдауы қатыс- пайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі, шәкірттердің оқу материал- дарын тиянақты қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, әр пәннің (сызу, сурет, еңбек т.б.) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жұмыс істеуге ықпал ететіндігі жақ- сы байқалған. Қашықтықты қабыл- дау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып туған адам көзі- не операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды.

Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқты- ғып қалатындай көреді. Адам қашық- тықты айыруды да өмір тәжірибесі арқылы үйренеді. Мәселен, қашық- тықтағы нәрсенің дәл шамасын білу үшін бала алғашқыда сол нәрсенің көрінуіне лайықты тиісті қозғалыс жасауға әдеттенеді. Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап тұр- ған бет алысы көздің торлы қабы- ғында сәулеленумен бірге, дене қоз- ғалысының жағдайына да байланыс- ты. Заттың бет алысын адам тік тұ- рып немесе отырып горизонталь жағ- дайда ғана жақсы қабылдай алады. Мұндайда адам өзінің тұрған жері- нен алдындағы бір затты нысана етіп, қалған заттардың бет алысын соған бағдарлайды. Мәселен, құла түзде тұрып бет алдымыздағы заттарды көрсеткенде, назарымызды бір затқа ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың не оң жағында, не сол жағында, не бер жағында, не түбінде, не үстінде т.б. деп айтамыз. Кеңістіктегі заттар- ды қабылдауға тек көру мүшесі ғана қатыспайды, мұнда қозғалыс, сипай- сезу түйсіктері де елеулі рөл атқара- ды. Мәселен, іштен соқыр болып туған баланың, операциядан кейін көзі көрсе де, шарды жай дөңгелек- тен, төрт бұрышты затты үш бұрышты заттан айыра алмаған. Сондай- ақ, жаңағы бала екі нәрсенің ара- сындағы қашықтықты да ажырата білмеген.

Бір нәрсені қашықтыққа қойып, оны енді ал дегенде ол қолын олай- бұлай созып, дәл ұстай алмай, қар- малап жүріп қолын нәрсеге әзер жет- кізген. Бала нәрсені қолына алып сипап байқағаннан кейін ғана оның үлкендігін, формасын т.б. айыра ал- ған. Бұл айтылғандар кеңістікті қа- былдауда кинестезиялық түйсіктер де қатынасатындығын көрсетеді. Ке- ңістікті дұрыс қабылдап үйрену кіш- кентай кезден басталады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді ұстап, байқап, сипап қа- райды, олардың формасын, үлкен- кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжі- рибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікке орналасуын жақ- сы аңғара алатын болады. Заттардың кеңістікте орналасуын дұрыс біле алудың адамның іс-әрекеті үшін (әсі- ресе, шоферлерге, ұшқыштарға, сурет- шілерге, әскери қызметкерлерге, дәл аппарат жасайтын мамандарға т.б.) қаншама маңызды екендігі түсінікті. Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материяның өмір сүруінің объектив- тік реалды формасы. «Дүниеде қоз- ғалушы материядан басқа еш нәрсе жоқ, ал қозғалушы материя кеңістік пен уақыттың ішінде қозғалмайын- ша басқаша қозғала алмайды». Уа- қытты қабылдау да сыртқы дүние- дегі заттар мен құбылыстарда бо- латын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт дүние- дегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп, ескі заттар- дың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Шындық құбылыстар- дың тізбегі, бір ізділігі, объективтік ұзақтылығы уақытты қабылдау ар- қылы белгілі болып отырады. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір ба- ғытта, яғни өткен шақтан осы шақ- қа, одан келер шаққа қарай ағады. Осылай бір бағытта ағу сыртқы дү- ниедегі оқиғалардың объективтік белгісі.

Бұлар жеке адамның түйсігінен, қабылдауынан тыс болып отыратын реалды құбылыстар. Уақытты қа- былдау бірнеше компоненттерден тұрады. Соның бірі уақыттың рит- мі. Уақыттың ритмі құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір ізділігі. Уақыт темп арқылы өлшене- ді. Темп құбылыстардың бір із- ділігінің, тездігінің не баяулығының көрсеткіші. Уақыттың шақтарын қа- былдауда субъективтік моменттер де орын алады. Мәселен, өткен шақ адамға өте қысқа мерзімді болып кө- рінеді. Өткен шақты, әсіресе бізден алыс дәуірді минуттап, сағаттап са- нап отырмай, айлап, жылдап, ғасыр- лап, дәуірлеп есептейміз. Осы соңғы- ларға байланысты, өткен оқиғалар адамға көмескілеу болып та көрі- неді. Уақыттың өтуінің түрліше қа- былдануы сол кезеңде өткен оқиға- ларға байланысты. Осы шақтың (үс- тіміздегі дәуір) бізден алысырақ мерзімдері ғасыр, жыл, ай ұғымда- рымен белгіленсе, оның бізге жақы- нырақ кезеңдері күн, сағат, минут, секундпен есептелінеді. Осы шақ әр кез объективтірек болып қабылдана- ды, өйткені, бұл кезең нақтылы ісі- мізбен, сөзімізбен, тікелей қабылда- уымызбен ұштасып жатады. Өткен шақтың тез өткеніндей, келер шақ- тың өте ұзақ тәрізденіп көрінуі субъективтік жағдайлардың нәтиже- сі. Егер адамның уақыты мағыналы, қызықты істермен толы болса, ол уа- қыттың қалай өткенін байқамай да қалады.

Адамның көңілі қаншалық шат бол- са, уақытта соншалықты тез өткен- дей болып қабылданады. Мәселен, қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді. Ал, керісінше, адамның уақыты мән- сіз өтсе, ол кезең бітпейтіндей бо- лып көрінеді. Мәселен, поезды кү- тіп отырған адамға уақыт өтпейтін- дей көрінеді. Уақыттың қабылдануы оның қандай мазмұнда болуымен де шарттасып жатады. Егер ұсақ- түйек әрекетпен өткен уақыт ұзақ болып көрінсе, пайдалы әрекетке то- лы уақыт тез өтеді. Көбінесе уақыт- ты субъективтік болжау дұрыс бол- май шығатындықтан, оны объектив- тік өлшемдермен (минут, сағат, тәу- лік, апта т.б.) өлшеген дұрыс болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *