Кеңшілік Мырзабеков
(1946-1989) Қазақтың талантты ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты.
***
Пендеге біткен дүние
Байлық па, бақ па, бәрібір, Көзіңнен бір күн ұшады –
Тағдырың берік заңы бұл.
***
Бәрі өлшеулі. Деміңе дейін өлшеулі. Тағдырдыңсалдар-себебіне дейін өлшеулі. Жаялық-құндақ, тал бесігіңе дейін өлшенген. Жатар құйттай жеріңе дейін өлшеулі.
***
Жонынан жаздай таспа алған
Жалаңаш жайдақ қалды-ау қыр.
***
Тәубеме мені түсірсеңші, Өмір, Таупиық маған берсеңші! Тазалығымды түсінсеңші, Өмір, Сенбесе де ешкім, сен сенші!
***
Жазадыуақытбарлықжараны, оң қараса егер тағдыр қабағы.
***
Өлімнің бәрі бірдей ме? Жо-жо-жоқ, оған қарсымын. Мен өлсем ертең гүлдейді тамырым мен менің талшығым.
***
Тентек тағдыр, құмарсыңғой, тәлкектеуге адамды, Бірақ мен өле-өлгенше ойнатпаспын төбемде.
***
Алдыңғыға баға берер соңғы ұрпақ.
*** Жалқын шаң, күлгін түтін көп сіңгеннен Қаланың жапырағы қурайды ерте.
***
Балалық тәтті елес қой, тәтті түс қой.
***
Тың көтерген жыл төбенің түбіт көдесін Тарап әкетті тарақ табанды трактор.
***
Ажалдан қорқып, Өмірден қорғалақтама, Қорғалақтама, бекерге қалбалақтама!
Қорыққаныңмен қоймайды тура келсе Ажал Қарамайды Ажал – ешқашан сорға да, баққа да!
***
Қайғыру неге … қайғырмаймын мен өз басым, Қарттық та жақсы басыңнан күнің озғасын.
Бас жаққа қойған белгің де тозсын өлген соң,
Жас шақта жазған бір шумақ жарың тозбасын!
***
Жарықтық тамшылар, жерге сүйсініп жеткесін, Топырақ қалайтіршілік етпесін?! Ақын – аспанымыз иіп тұрғанда Абай болайық, исініп кетпесін.
***
Жазып берем…Жазамын өмірбаян, Жазған өмірбаяным – бәріңе аян.
Аян емес жерлерін сұрарсыңдар
Тағдыр дейтін тақуа қариядан.
***
Қонбай-ақ желдің иіне,
Қонбай-ақ жапан түздерге, Ұша берейік, дүние
Жеткізер болса біздерге.
***
Балалық – бейкүнә сәт, періште сәт.
***
Қарағым, біздің баста дақарлығаш дәурен көп тұрмас, Құласақ, жер ғой – баспана, жер бізді көкке лақтырмас.
***
Айызы қанып айбалта – темір тілгілеп,
Сақталған сүрдей шым топырақтарын сүргілеп, Құрыміңірде қылт ете қалып құйрығы «ХТЗ»ларқытықтап қырды жүрдікөп…
Қуанды-ай қарттар жанардан жасы мәлдіреп, «Көде өскен жерге көк бидай шығар болды» деп. Боз бие біздің түн жамылып кеп сол жерден
Көденің тамырын кірш-кірш шайнады соңғы ре