КЕЛЕМЕЖДЕУ – адамның мінез- құлқы мен ұнамсыз, оғаш, жағымсыз қылықтарын мазақ етіп, күлкіге, сай- қымазаққа айналдыру. К. – күлу, ма- зақ ету түріндегі адамның бойында- ғы оғаш қасиеттері мен ретсіз іс-қи- мылын мінеп, сынау. К. – адамға күш- ті ықпал етіп, оның жағымсыз қы- лықтарын сын көзімен қарап түзетуі- не ықпал етіп отыратын әсерлі күш. К. – сықақ пен әзілқойлықты да біл- діретін әсерлі әрекет. К. – арқылы адамға әсер ету зілсіз түрде жүзеге асып, оның ар-ұятын оятатын күш, саналы түрде өз қылығы мен мінезін өзгертуге ықпал ететін шара. Адамның мінез-құлығын орынсыз К. өзара өш- пенділік пен жаулыққа соқтыруы мүм- кін. Мұндай жағдайда халық дана- лығы: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» дейтін қағи- даны басшылыққа алған жөн. Оның байыбына барып, мағынасын терең түсінген жөн.
—