Есенбай Дүйсенбайұлы

Есенбай Дүйсенбайұлы

(1940)

Ақын, Ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне тұңғыш рет өткізілген республикалық жазба ақындар мүшәйрасы бас жүлдесінің иегері. Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың (1990), Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты.

 

***

Тойып кекіріп – тойлайтын емес, толымды тірлік тындырдым ба деп өкініп – ойлайтын кезің.

***

Анау бір шақта ата-ананың алты жасар «қуаныш дәрісі» едік, енді елдің алпыстағы «уайымшыл кәрісі» болыппыз.

***

Әділетсіздік – тазалықтың, пәктіктің, адалдықтың тажалы.

***

Ақын – халықтың ішкі дүниесінің жыршысы.

***

Қоғам жаңғырып, тазармайынша, әділет таяқ жей береді.

***

Әдептілік таразысы – әділ сын.

***

Адамдық өлшемі – адалық.

***

Жолдастық тек арқадан қағып, маңдайдан сипап қою емес.

***

Бекер басқан адымыңды бетке айту-бірінші жолдастық, бірінші достық.

***

Жолдан безгеннің тезі – жолдастық соттың сөзі.

***

Әкіреңдеу – әлсіздіктің айқайы.

***

Аяқтан шалу – алаяқтық.

*** Көлеңкеңді күзету – көргенсіздік.

*** Көзіне мақтау – көлгірлік.

***

Сыртыңнан даттау – сорлылық.

***

Жолдастың иығы – асқар таумен тең.

*** Сөз де – күрескер, тәрбиеші.

***

«Ит мініп, ирек қамшылаған» именшек сана итаршылыққа тән.

***

Дүбәра басшы тіл бұзар, дүмше молда дін бұзар.

***

Миллиард – бір түйір дәннен басталады.

***

Туған жердің түтініне де түк жетпейді.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *