Сулейменов Олжас

Сулейменов Олжас

(1936) Ақын, саяси және қоғам қайраткері, дипломат. Халық қаһарманы.

 

***

Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу өнері.

***

Гүлденген мәдениет дегеніміз – сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үзіліссіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады.

***

Өзіңді-өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол – болмай қоймайтын жоғалтулар, мұны тереңірек сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге процеске кең жол ашады.

***

Құсбелгілік – аңшылықтың ең көне түрі.

***


Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен.

*** Сөз дегеніміз – дәйек.

***

Нағыз тіл маманы сөздің ішкі құдіретін сезіне алу керек.

***

Тілдер туыстығы – мәдени туыстық.

***

Неге поэзия – тек сезімнің, ал ғылым тек зерделіліктің көрінісі болуға тиіс? Ақылсыз адам шығарған өлең жолдары нақылға айналмайтыны хақ.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *