Мұқағали Мақатаев

(

Мұқағали Мақатаев

(1931-1976) Қазақтың талантты, ақиық ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

***

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

*** Күн көреді әкесіз де баласыз,

Өмір сүрер әйелсіз де, баласыз. Ал, Отансыз – нағыз сорлы панасыз!

***

Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан – мекенің!

***

Айтсын деп ақиқатты тіл берген!

***

…Алматыны қадір тұт алдыменен, Отаныңның қадірін білем десең.

***

…Айтарын ашық айтқан абайламай,

Дариға-ай, Махамбеттер, Абайлар-ай!!!

***

Асығып алыс күндерге, бір белден асып бір белге, Адасып қалмай бір жерде айсыз қара түндерде, Отаныңда – іргеңде не жетсін өмір сүргенге!

***

Мына нұрлы өмірге тірек болған адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!

***

Мейлі, мені шығарсын шірік қылып,

Мейлі, мені тастасын лақтырып; Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

***

Қазақстан! Пай-пай-пай! Ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай. Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!…

***

…Ей, бауырым! Өз дәрежең болмаса, Бұл жалғанда несіне өмір сүргенсің?!

***

Туған жердің топырағына тізе бүк!

***

Алматы – жүрегі Алаптардың!

Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген.

***

Өмір керек көлеңке, шуағымен, Өмір керек!

***

Кімдерге жақпай, аяулы болып кімдерге, Бақыт дегенің – өмір кешу ғой білгенге. Келуі де оңай, кетуі де оңай бірдемде…

***

Өрге тарт менің өр елім, өңгеріп мынау ғасырды!

*** Өз елім – менің өзегім!

***

Тыныштық деп аталатын сәби өсіп келеді.

Үрейменен өтеді ылғи тұнжыраған түндерім.

Сол сәбиді әлдилеген адамзатпен біргемін. Қарғыс атсын! Атсын қарғыс! Түнге айналып күндері, Сол сәбиді ұйқысынан шошытса егер кімде-кім!

***

Жерді – Анама,

Анамды жерге теңедім,

Екеуінен де егіз ұқсастық көремін.

***

Бәрінен айырылсаң өзіңнен көр.

***

Жастықтың аты сөнер, оты сөнер, қызуы бойда бірақ жоғалмасын.

***

Таудағыдай еш жерде күн шықпайды, Түн болмайды еш жерде таудағыдай!

***

…Ей дүние! Тағзым ет басыңды иіп Адамның құдіретті сеніміне!

***

Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар,

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын бара жатыр сарқылып дариялар…

***

…Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.

 

***

Жауың бар ма, туған елім, атылайын садақтай.

***

Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол – тек поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл.

*** …Поэзия – ғылым.

***

Ақынның өмірді зерттегені – алдымен өзін зерттегені. Ақын құдіреті –өмірден өзін, өзінен өмір жасай білуінде.

***

…барым менің, жарым, жақсылығым менің – поэзиям, тек сені сақтап қалсам екен. сені де өлтіргісі келе ме, қалай? Олай бола қоймас, егер бола қалса, қалған өмірдің қызығы не маған?!

***


Ей, қалам ұстаған, қаламдас бауыр – қарындастарым, халықты ұмытпаңдар! Халықсыз күндерің қараң! Оны сүйемін деп байбалам салмаңдар. Оған тек ғашық бола біліңдер.

***

Адам өмірінің бақыты – балалық шақ. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені!..

***

Адамзат! Болмайды, өз қадір-қасиетіңді қорға! Ақын атыңды сақта, нағыз ақынмын десең соған лайықты бол!

***

Өмір толы қауіп…

***

Табиғат сол өз қалпында-ақ әдемі, оны әдемілеудің қажеті жоқ.

***

Өресі жетпей, күндестік қылған оңбайды,

Өнерің жетіп, өсе алмай қалсаң, сол қайғы..

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *