Мұзафар Әлімбай
(1923-2017)
Қазақстанның халықжазушысы(1996). ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
***
Бару да бармау төркінге
Байдағы қыздың еркінде.
***
Жақсы жырға қарттық жоқ.
***
Жұрт – қазы, еңбек – таразы.
***
Қоймаға құйылған дән – Халыққа бұйырған дәм.
***
Отасқан да бар, От басқан да бар.
***
Саусақ ашылса – қылдырық, Жұмылса – жұдырық.
***
Табаны бар да, бүрі жоқ, Зіркілі бар да,зілі жоқ.
***
Теңге – тиыннан, ынтымақ – ұйымнан.
Тіріде жыртса хатыңды,
Өлген соң құртар атыңды.
Бару да бармау төркінге Байдағы қыздың еркінде.
*** Күлкі – көңіл көктемі.
***
Жақсы жырға қарттық жоқ.
***
Көркемдік көз суарады.
***
Қоймаға құйылған дән – Халыққа бұйырған дәм.
***
Ебі жоқ дәрігердің емі жоқ.
***
Отасқан да бар,
От басқан да бар.
***
Ұлтын білгің келсе, Ғұрпын біл.
***
Саусақ ашылса – қылдырық, Жұмылса – жұдырық.
***
Табаны бар да, бүрі жоқ, Зіркілі бар да, зілі жоқ.
***
Теңге – тиыннан, ынтымақ – ұйымнан.
***
Тіріде жыртса хатыңды,
Өлген соң құртар атыңды.
***
Дүниенің қорлығы –
Дүмшелердің зорлығы.
***
Шәкіртке ұстаз болу – ірілік, Ұстазға ұстаз болу – ұлылық.
***
Түренді топ басса, Тоқшылық күтпе.
Ескерткіш тозса да, Естелік тозбайды.
Түйірдей болса да түйінді ойың болсын.
***
Тауысқанша ішкен ақылы ауысқанша ішер.
***
Бұрын сөйлеген емес, нығым сөйлеген ұтады.
***
Биліктің сөзінен біліктің сөзі өтімді.
***
Көптен қалмау көкке самғау емес. Әсіресе өнерде.
*** Талап табиғаттан, талап – өзіңнен.
***
Жер күтпеген ерден түңіл, ер күтпеген елден түңіл.
***
Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер.
***
Жемқорлық – індет, Аластау – міндет.
***
Бас иілмесе, тізе бүгілмейді.
***
Ана тілі
Ананың құнар сүті ғой, Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой, Игілігіңе кенелетін.
***
Өмірдегі сыпайылық- сыпайылық,
Өнердегі «сыпайылық»- сұмпайылық.
***
Бұлбұлды көрем десең, бауына бар, Бұлақтан ішем десең, тауына бар.
***
Дарынның даралығы- даналығы.
***
Ақындық-әр кез толас таппас намысшыл бәйге, қызу жарыс, берекелі бәсеке.
Кітабыңның мұқабасы тозса да, Сөзіңнің жұқанасы тозбасын.
Ақын
Өлеңмен ойлайды,
Өрнекпен толғайды.