ИІС ТҮЙСІКТЕРІ – мұрын кең- сірігіндегі кілегей қабықтың клет- каларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабық- тық таяқша тәрізді сезгіш клеткала- ры бар. Ауамен бірге мұрынға кіре- тін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп. Бі- рақ бұлар әлі күнге дейін белгілі клас- сификацияға түспеген.
Өйткені оларды дәм түйсіктерінен ажырату кейде қиынға соғады. Сон- дықтан да біз көбінесе белгілі бір иіс- тің атын атаудан гөрі, иіс шығарып тұрған затты атаймыз (темекі исі, түтін исі, шөп исі т.б.). Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет ба- бына қарай да ерекше дамып отырады. Мәселен, Африкадағы бушмен тайпалары арыстанның, жирафтың, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай та- уып алады, олар иісті ең жақсы аң- шы иттерден артық біледі. Индияда жыланның жатқан жерін иісінен бі- ліп табатын адамдар бар.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, ке- рең адамдарда ерекше жетілген. Мә- селен, олар бөтен адамдарды, түр- лі нәрселерді алыстан-ақ исінен «та- ниды». Үйге кірген адамды да, таныс көшесін де, тұрған үйін де олар иі- сіне қарап оп-оңай айыра алады.
Иістің табиғатын зерттейтін ғылым ольфактроника деп аталады. Иіс түй- сіктері адамның көңіл күйіне, жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен, жұ- пар иісті гүл – адамның көңілін сер- гітсе, шылымның түтіні – басты ауыр- тады. Парфюмериялық заттардың са- пасын арттырып отыру – адам пси- хикасына қолайлы әсер етудің бір факторы екендігі даусыз.
Мектеп оқушыларының иіс түйсік- терін тәрбиелеу – мұғалімдердің төл істерінің бірі. Мұғалім сабақ үстін- де де, сабақтан тыс кездерде де ба- ланың айналасындағы заттарды жан- жақты танып білуде, мәселен, ауа- ның тазалығын дұрыс талғай білуге, орманның, гүлденген бақтың, шабын- дықтың хош иістерін, қарағай, шыр- ша ағаштары шайырының жұпар иі- сін, теңіз жағалауындағы ауаның тұз- ды-сортаң иісін сезетіндей мүмкін- дік туғызуы қажет. Оқушылар бұлар- дың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иіс тигізетін газ, түтін т.б. айыра білетін болсын.