ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ

ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ (лат. inte- rior – ішкі) – 1.Сыртқы болмыс әре- кеттерінің ішкі идеалдық факторлар- ға айналуы. 2.Іс-әрекеттің екі жос- парлығы: И. сыртқы заттық іс-әре- кеттің ішкі ақыл-ой іс-әрекетіне ауы- суын зерттегендер Ж.Пиаже, Л.С.Вы- готский, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальпе- рин т.б. Олардың зерттеулерінде ақыл- ой әрекеті әуелде сыртқы, заттық әрекет түрінде көрініп, бірте-бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сыртқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы И. деп аталады. Мыс., бала санауды үйренгенде, әуелде таяқшаларды санайды, оларды бір- біріне қосады. Содан соң біртіндеп таяқшалардың қажеті болмай қала- ды, өйткені есептеу заттан, сыртқы әрекет күйінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады. Іс-әрекет объектісі сөз бен сан болады. Бала бірте-бірте ақыл-ой әрекетін жинақтайды да, олар бірігіп барып ақыл-ой қызметін құрайды. И.- ағза үшін тыс қандай да бір үрдістің немесе құбылыстың біртіндеп ішкі құбылысқа айналуы, мыс., жекелік, ұжымдық тәжірибе жүзінде атқаратын іс-әрекетінің адам- ның ішкі психикалық қасиетіне не- месе қабілетіне айналуы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *