ИНТЕЛЛЕКТ ТЕСТІЛЕРІ – индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтау- ға арналған психологиялық диагнос- тика әдістемелері. И.т.нің көпшілі- гінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрас- тырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген ло- гикалық топтастыру, ұқсастыру, қо- рыту және т.б. қатынастарды анық- тап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қояды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигура- лардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғанда- рының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады, зият- тылық коэффициенті шығарылады. Алайда тестілеу нәтижелерінің сына- лушының ақыл-ой әлеуетін анықтау- дан гөрі оның бұған дейінгі тәжі- рибесінің, оқытылғандығының ерек- шеліктерін анықтауға ғана себеп бо- латын жағдайлар мен қиыншылықтар бар. Сондықтан бұл нәтижелерді
«тестілік» немесе «психометриялық» зият деп есептеуге де негіз бар. Шын мәнінде «тестілік» зият индивидтің ақыл-ойы дамуының деңгейін көрсе- теді, ал мұның критерийі нақты зият тестілерінің авторлары ұсынған ұғым- дар мен терминдердің және олардың арасындағы логикалық қатынастар- дың жинағы болып шығады. Әр түрлі мәдениеттердің өкілдері болып табылатын индивидтер үшін бұл жи- нақтың критерий бола алмайтыны түсінікті. И.т-нің әртүрлі үлгілері теориялық зерттеулерде және дефек- тология практикасында қолданыла- ды, тестілеу нәтижелері үшін өңдеу- дің ерекше әдістері талдап белгі- ленген.