ИНТЕЛЛЕКТ КОЭФФИЦИЕНТІ

 

ИНТЕЛЛЕКТ КОЭФФИЦИЕНТІ (ағылш. intellectual quotient) ақыл- ой жасы деп аталатынның (АЖ) осы тұлғаның шын хронологиялық жа- сына (ШЖ) қатынасы; іQ символы- мен белгіленетін бұл қатынас мына формула бойынша анықталады: АЖ : ШЖ х 100% = іQ. Ақыл-ой жасы жас шкалаларының  бірі  арқылы тестілеу нәтижелерімен анықталады (қ. Зият тестілері). Әртүрлі жас шкалалары- на енгізілген тестілердің көпшілігін- де логикалық, логикалық-перцептив- тік және арифметикалық амалдар- дың меңгерілуі, жалпы хабардарлық, практикалық жағдаяттардағы бағ- дарлану, ырықты ес (жад) және т.б. қамтылып орындалатын міндеттер белгіленеді. Жас шкалаларын құрас- тырғанда психолог тәжірибе мен түй- сікті басшылыққа алып, міндет-тап- сырмаларды іріктейді. Олар өздері қамтыған материал бойынша (тер- миндер, ұғымдар, графикалық бейне- лер және т.б.) ынталандырылатын ақыл-ой әрекеттері бойынша осы әлеуметтік қауымдастықтағы шкала қамтитын жастарға ұғынықты болу- ға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық өкілдік іріктемелерде эксперимент арқылы тексеріледі. И.к. былайша алынады. Бастапқыда сыналушыға оның өз жасынан бір жас кіші жас- қа сәйкесетін тапсырмалар ұсыны- лады; жас шкаласы бойынша «төмен» бағытта одан қатарынан бес дұрыс жауап алу керек. Бұдан әрі шкала бойынша «жоғары» қарай қатарынан дұрыс емес жауап алынғанға дейін тапсырмалар ұсынылуы тиіс. Тесті- леу  осымен  шектеледі.  Бұдан соң

«балалық  жас»  тестілерінің санына

барлық дұрыс жауаптарының саны қосылады. Ерекше кесте бойынша алынған қосынды қандай ақыл-ой жа- сына сәйкес келетінін табады. Осы- дан кейін формула бойынша И.к. есептеліп шығарылады. И.к. ұғын- дыруда бұл коэффициент барлық әлеу- меттік құрамдастықтар үшін ортақ ешқандай ақыл-ойды немесе зиятты анықтамайтынын есте ұстау керек, сол сияқты ол қайсыбір табиғи немесе тұқым қуалаған жалпы дарынды- лықты диагностикалауға келмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *