ИНСТИНКТ

ИНСТИНКТ – гректің сөзі, қазақ- шалағанда «соқыр сезім» деген ма- ғынаны білдіреді. Бұл жануарлар- дың күрделі туа біткен іс-әрекеті, оның көмегімен өз қажеттілектерін қанағат-тандырады. Мәселен, өрмек- шілер ерекше шеберлікпен өзінің өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын ала бұл өнерге үйренген емес. Бал арасы орасан зор математикалық дәлдікпен омартасының құрылысын салады. Кейбір жануарлардың түрле- рі, әсіресе, жәндіктер өз ұрпақтарын көрмейді, бірақ алдын ала жұмыртқа саларда өз тұқымы үшін ыңғайлы үй және тамақ дайындайды, ол дүниеге келген тұқымы жеткілікті дамуы жә- не өз бетімен жетілуі үшін істеледі. Мәселен, жазғытұрым жол бойында немесе жанында қара қоңыздың жұ- бы тамағын шар түрінде домалатып бара жатқанын аңғарамыз. Бұл шар – болашақ дүниеге келетін тұқымы үшін істеліп жатқан қарекеттер. Шар- ды белгілі көлемде домалатады. Ана- лық қара қоңыз шардың ішіне жұмырт- қа салады, содан кейін оның аузын жауып, бітегеннен кейін, осы шарды қауіпсіз жерге домалатып апарып қоя- ды. Біршама уақыт өткеннен соң, шардың ішіндегі жұмыртқадан кіш- кентай құрттар шығады. Құрт шар- дың өзімен қоректенеді де өсіп оты- рады. Шардың ішін кеміріп, кішкен- тай қоңыз кеңшілікке шығады. Ин- стинктер қалыптаспайды, әрі күнде- лікті өмір барысында оларды жат- тығулар арқылы қалыптастыруға болмайды, ол туа біткен қасиет, тұ- қым арқылы ата-аналарынан беріледі. И.П.Павловтың ілімі бойынша, инстинктер – бұл сол шартсыз реф- лекстер, оларға қарағанда табиғаты күрделірек. «Қазіргі кезде, – деп жаз- ды И.П.Павлов, – толықтай анық- талды деуге болады, демек, инстинк- тер дегеніміз – сол рефлекстер, тек бірнеше жиі күрделі құрамнан ғана тұрады».

Инстинктер – бұл әртүрлі шартсыз рефлекстерден тұратын тізбекті реф- лекстер, әрбір рефлекстің қозғау- шы бөлігі кейінгі рефлекстер үшін тітіркендіргіш болып табылады. Жа- нуарлар инстинктерінде бізді таң қалдыратыны олардың органикалық мақсаттылығы болып есептеледі. Бі- рақ жануарлар инстинктерінің мақ- саттылығы ерекше шектеулі. Жа- нуарлар инстинктері таптаурынды түрде іске асады. Мәселен, өрмекші тоқыған торына түскен шыбынды бас салып, оны жеп қояды. Бірақ өрмекші мен шыбынды торда емес, стаканға бірге салып қойса, онда өр- мекші шыбыннан қаша бастайды. Инстинктердің шығуын алғаш рет түсіндірген Ч.Дарвин болды. Оның ілімі бойынша, инстинктер жануар- лардың ұзақ эволюциялық даму үр- дісінде, сыртқы ортаға бейімделуде өмір жағдайларына байланысты қалыптасады. Инстинктер жануар- ларды қоршаған ортаға бейімделуді және өмірлік қажеттіліктерін қана- ғаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақ- тиін инстинктіге бағына отырып, өзі- не ұя жасайды және тамақ жинай- ды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттер- ді жасай отырып, ұя салады, сондай дәлдікпен, бірақ алдын ала оған үйретілмеген болса да бал арасы омар- та жасайды, көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, өзгеріл- ген өмір жағдайында жануарлардың инстинктивтік іс-әрекеті өте қажетті- ден мағынасыз әрекетке айналады. Егер де жұмыртқа басып жатқан га- гарлардың жоқ кезінде ұяда жұмырт- қаларын басқа жаққа ауыстырып, орнына дөңгелек тастарды қойса, ол тастың үстіне отыра береді, өз жұмырт- қаларының жоқтығына мән бермейді. Мәселен, жұмысшы құмырсқамен мынадай бақылау жүргізіп қарайық, олар тамақтарды бүкіл жаз бойы өз індеріне жинақтайды. Алып келген тамағын інге кіргізбестен бұрын сыртқа қойып, іннің ішіне кіріп шы- ғады, содан кейін кіргізеді. Ішке кі- ріп кеткенде әлгі тамағының орнын басқа жерге ауыстырып қойсақ, оны сол жерге қайта алып келіп, қойып, тағы да інге кіріп шығады, оны тағы басқа жерге ауыстырсақ, сол әрекетті қайталай береді. Бұл құмырсқаның іс-әрекеті, соқыр сезім арқылы орын- далғандығын аңғару қиын емес. Мәселен, жаңа туған малдың (қой- дың) төлі немесе иттің күшіктері ту- ған бойда анасының бауырына ұм- тылады, енесінің емшегін іздей бас- тайды, тауып алып, емеді.

Малдың жас төлінің іс-әрекеті бел- гілі бір сигналға байланысты. Осы- ның бәрі шартсыз рефлекстің нәти- жесінде іске асып отыр. Тұқым қал- дыру инстинктері өте күрделі, соны- мен қатар жыныстық, тамақ, қорға- ныс инстинктерін көптеген омырт- қалыларда кездестіруге болады. Ұя салу және өзінің тұқымын күту құс- тарда және бауырымен жорғалау- шыларда белгілі бір мақсатта іске асады. Бірақ бұл мақсаттылық таза сыртқы факторларға байланысты. Жануарлардың қылықтары ортаның өзгеруіне байланысты аз-кем өзгеріс- терге ұшырайды. Жағдайлардың өз- геруіне байланысты кейбір құстар мен бауырымен жорғалаушыларда инстинктілік іс-әрекеттің салдарынан дұрыс дамып келе жатқан іс-әрекеті бұзылады. Мәселен, құстар өз бала- пандарын тастап кетуі мүмкін, сүт- қоректілер өз тұқымын шайнап тас- тайды. Жануарлардың қорғаныс қылықтары инстинктілік сипатта бол- са, өзіндік ерекшелігі бар. Оған көп- теген мысал келтіруге болады. Мә- селен, Америкада түсі қара кішкен- тай аң өмір сүреді, оның бір ерекше- лігі барлық аңдардың шабуылынан қорғануын сақтандырған, аңдар оны алыстан арқасындағы ақ сызықтан біледі. Бұл – скунс деген аң. Табиғат оны ерекше қорғану қасиетімен ерек- шелеген. Ол өз жауларынан қорғану үшін улы, исі ащы сұйық затта шы- ғарып отырады. Қауіп төнген жағдай- да өз жауына арқасын беріп, қана- тын жайып, сұйық улы затты ауаға жібереді. Бірнеше сағат бойы ең ірі жыртқыштар «есінен айырылып қа- лады».

Америкада барлық аңдар скунсқа ти- мейді. Бұл жануарларда туа біткен инстинктілік іс-әрекеттер болып та- былады. Осыған байланысты жануар- лардың туа біткен қылықтарының түрлерін зерттеген этологтардың ең- бектері ерекше қызығушылық туғы- зады. Осы бағыттағы ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, инстинкті- лік іс-әрекет белгілі сигналдардың нә- тижесінде болатындығын атап өткен жөн.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *