ИНСАЙТ – (ағылш. insight – түсі- ну) – 1) неғұрлым жалпы мағынасы
– бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік;
2) стандартты жағдайда – кез келген өзіндік сана-сезім немесе өзіндік ұғы- ну; 3) психотерапияда – біреудің бұ- рын аңғарылмаған психикалық кү- йін түсіну немесе білу; 4) еске түсір- мей-ақ, бұрынғы тәжірибеге сүйен- бей, бір нәрсені жаңадан дұрыс аңғару;
5) гештальтпсихологияда – пробле- малар сол арқылы шешілетін про- цесс. Бұл орайда И. шешімге сәйкес адамға байланысты түсіндіруге мүм- кіндік беретін модельді немесе оқиғамәнін кенеттен қайта ұйымдастыруды немесе құрылымдауды сипаттайды.