ИМПУЛЬСИВТІЛІК – адам мінез- құлқының ерекшелігі (орнықты ны- санда мінез қыры); сыртқы ықпал- дың әсерінен әрекет ету. Адамның ұғынбай әрекет етуі. Ол тез, жылдам қимылдайды. Бірақ оған тез өкіне қоймайды. Импульсивті адамды ба- тыл адамнан ажырата білу керек. Батыл адам тез, жылдам әрекет етеді, бірақ әрекетін ойланып істейді. И. жоғарғы эмоциялық қозу әсерінен болады. И. күйіп-пісуден, қатты шар- шаудан, жан күйзелісіне және кей- бір жүйке ауруларына байланысты байқалады. Импульс – 1) қандай да бір нәрсеге итеріс, қандай да бір әре- кетті жасауға итермелеуші ынта, қандай да бір әрекетті тудыратын себеп; 2) жүйке импульсі. Ойланбай жылдам жасалатын әрекеттер мен қылықтардан көрініс беретін, икем- діліктерге байланысты адамның кей- бір қасиеттерінің сипаты. Адамның болып жатқан жағдайларға жеткілік- ті ойланбастан, өте жылдам, шексіз эмоционалды реакцияға бейімділі- гі. И. адам мінезінің қасиеті ретін- де жиі көрініс береді.