ИМПРИНТИНГ (ағылш. imprint – есте сақтау) – жоғары cатыдағы омырт- қалылардағы үйренудің айрықша түрі. И. туыла салып дамудың ерте сатысында өтеді, өте шектелген бел- гілі бір уақытта ғана болуы мүмкін. И. процесі өте жылдам (көбіне объек- тімен бірінші кездескенде-ақ) жаса- лады. И. нәтижесі, әдетте, қайтым- сыз процесс. И. жануарларға ұрпақ- тарын қорғауын қамтамасыз етеді (балапандардың ата-анасының со- ңынан еруі, ата-аналарын тануы, тұрған жерін тануы және т.б.). Со- нымен, И. тәжірибе алудың түрі. Туыла берілетін және үйренетін реак- циялар арасында орын алады. И. жағдайында қандайда бір сыртқы стимулдың ықпалымен туыла берілген қылық формасы әрекетте жал- ғасады. Сонда туыла берілген мүм- кіндіктерді стимулдар туғызады деп тұжырым жасауға болады. И. – туыл- ған сәттен бастап қандайда бір сти- мулдың ықпалымен тікелей іске асы- рылатын немесе генетикалық бағдар- ламада жетіліп кодталған дайын кү- йінде берілген қылықтың қандайда бір формасының арнайы үйретулер- сіз-ақ, қызметін атқаруы.