ИМПЛИЦИТТІК – 1) тікелей ба- қылауға келмейтін, түсініксіз нәрсе. Американдық психолог Д.Уотсон (1878-1959) бұл терминді ойлау сияқ- ты саналық процестердің негізінде жататын бездер мен бұлшық еттер- дің нәзік реакцияларына қатысты қолданды; 2) ұғынуынсыз, жасырын, көрінбейтін, демек, едәуір дәрежеде индивидтің ұғынуынсыз өтетін про- цесс. Санадан тыс өтетін когнитив- ті процестерді сипаттауда қолданылады.